"Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы", Қазақстан Республикасының Заңына және "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 14.04.2016
"Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесіне "электрондық үкімет" веб-порталын пайдаланумен жолданған жеке және заңды тұлғалардың электрондық өтініштерін қалыптастыру, қабылдау және өңдеу" жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 337 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 7 желтоқсанда № 7331 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 14.04.2016 жылғы № 378 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесіне "электрондық үкімет" веб-порталын пайдаланумен жолданған жеке және заңды тұлғалардың электрондық өтініштерін қалыптастыру, қабылдау және өңдеу" жөніндегі нұсқаулығы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (Қ.Б. Елеусізова):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген заңнамалық тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және оның Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет ресурсында орналасуын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына - Электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесінің қатысушыларының назарына жеткізуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министрі С.С.Сарсеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 337 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне "электрондық үкімет" веб-порталын пайдалануымен жолданған жеке және заңды тұлғалардың электрондық өтініштерін қалыптастыру, қабылдау және өңдеу жөніндегі нұсқаулығы
1. Жалпы ереже
1. Осы электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне "электрондық үкімет" веб-порталын пайдаланумен жолданған жеке және заңды тұлғалардың электрондық өтініштерін қалыптастыру, қабылдау және өңдеу жөніндегі Нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы ", "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы ", "Ақпараттандыру туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Осы Нұсқаулық электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне "электрондық үкімет" веб-порталын пайдаланумен жолданған жеке және заңды тұлғалардың электрондық өтініштерін қалыптастыру, қабылдау және өңдеу шарттарын нақтылайды.
3. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне "электрондық үкімет" веб-порталын пайдаланумен жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қалыптастыру, қабылдау және өңдеу мемлекеттік ақпараттық жүйелердің және ақпараттық ресурстардың ақпараттық қауіпсіздігін (ақпаратты қорғау) қамтамасыз етумен "электрондық үкімет" веб-порталының, мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйелерінің, мемлекеттік органдардың Куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының өзара іс-қимылы арқылы жүзеге асырылуда.
4. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне "электрондық үкімет" веб-порталын пайдаланумен жолданған жеке немесе заңды тұлғалардың электрондық өтініштерін қалыптастыру, қабылдау және өңдеу жүйесіне қатысушылар Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар, Ұлттық оператор болып табылады.
5. Осы нұсқаулықта пайдаланынатын негізгі түсініктер:
1) аутентификация – жүйеде бар қолжетімділіктің берілген деректемелерінің сәйкестігін анықтау жолымен қолжетімділік субъектісінің немесе объектісінің түпнұсқалылығын растау;
2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - "электрондық үкімет" және ақпараттандыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3) ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор (бұдан әрі - ұлттық оператор) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға, оған мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды ықпалдастыру, ақпараттандыру саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыруға қатысу, "электрондық үкімет" инфрақұрылымының жобалық интеграторы функциялары жүктелген;
Полная версия