Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 31.12.2013
"Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 маусымдағы № 813 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 18.02.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1552 Қаулысына сәйкес
Редакция 05.06.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысымен бекiтiлген
«Аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.01.2013 жылғы № 29 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.04.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк қызметтi Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 552-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан, электрондық мекенжайы www.minfin.kz Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау комитетi (бұдан әрi – уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық) арқылы, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы (бұдан әрi – портал) көрсетедi.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5) тармақшасының, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының және «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы негiзiнде көрсетiледi.
4. «Аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi – стандарт):
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң www.minfin.kz интернет-ресурсында;
2) Орталықтың стендтерінде;
3) порталда;
4) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының: www.con.gov.kz интернет – ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат cаll-центр телефоны арқылы да ұсынылуы мүмкін: (1414).
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру болып табылады не уәкілетті органның мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанындағы уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) куәландырылған дәлелдi жауабы болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушы) көрсетiледi.
Полная версия