"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2014
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 280 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 29.08.2014 жылғы № 900 Жарлығына сәйкес
Редакция 09.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереже;
1-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 16.04.2013 жылғы № 544 Жарлығымен (21.06.2012 ж. редакцияны қараңыз)
2) Агенттіктің құрылымы бекітілсін.
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 16.04.2013 жылғы № 544 Жарлығымен (21.06.2012 ж. редакцияны қараңыз)
3. Агенттік Төрағасының екі орынбасары, соның ішінде бір бірінші орынбасары болады деп белгіленсін.
3-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 14.10.2005 № 1660 жарлығымен. (30.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде:
1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы" мемлекеттік мекемесін құрсын; P081305
2) Агенттік пен оның аумақтық органдарының қызметін қаржыландыруды республикалық бюджетте көзделген қаржының есебінен қамтамасыз етсін;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылдаған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Агенттік бір ай мерзімде Мемлекет басшысының бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыныс енгізсін.
6. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері Агенттіктің аумақтық органдарының ұйымдық-техникалық мәселелерін шешуде жәрдем көрсетсін.
7. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы 1998 жылғы 12 қарашадағы N 4141 өкімінің (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж, N 40, 361-құжат) күші жойылған деп танылсын.
8. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
9. Осы Жарлық 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 280 Жарлығымен Бекітілген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі туралы Ереже
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 16.04.2013 жылғы № 544 Жарлығымен (21.06.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия

