Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.10.2015
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 665 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 24 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 15.10.2015 жылғы № 829 Қаулысына сәйкес
«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.03.2015 жылғы № 282 Бұйрығын қараңыз
Редакция 04.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 6-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларын реттеу мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
3. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын және бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2011 жылға арналған шекті мәндерін белгілеу бойынша ұсыныстар берсін.
5. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі екі ай мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2011 жылға арналған шекті мәндерін енгізсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 17 маусымдағы
№ 665 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидасы
1. Осы Қағида "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 6-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу тәртібін айқындайды.
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген тізбе бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәні белгіленді.
3. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәні облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында әрбір тоқсан үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының әрқайсысы бойынша бөлек айқындалады.
2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін белгілеу тәртібі
4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін есептеу үшін Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын ресми статистикалық ақпарат пайдаланылады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының деңгейлері мен өзгерістері бойынша жарияланған ресми деректер ақпарат көзі болып табылады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
Полная версия
ИС BestProfi