Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2015
Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 321 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 18.06.2015 жылғы № 457 Қаулысына сәйкес
«Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 12 наурыздағы
 № 321 қаулысымен
 бекітілген
Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидалары
1. Осы Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау тәртібін айқындайды.
2. Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау осы Қағидалардың  1-қосымшасына орай «А», «В», «С», «Д», «Е» санаттарындағы көлік құралдарын жүргізушілерді даярлаудың үлгілік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. «А», «В», «С», «Д», «Е» санаттарындағы көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау медициналық куәландырудан өткен және көлік құралдарын басқару тыйым салынатын медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар арасынан жүзеге асырылады.
4. Білім беру процесін ұйымдастыру оқу ұйымы дербес әзірлейтін және бекітетін әрбір пән бойынша оқу жоспарымен және бағдарламалармен, сондай-ақ көлік құралдарын жүргізушілерді даярлаудың кесте-жоспарымен, сабақ кестелерімен және жүргізуді үйрету кезектілігінің кестесімен регламенттеледі.
1) өз құзыретіне жатқызылған функциялардың орындалуын;
2) көлік құралын жүргізушілерді даярлаудың оқу жоспарына және жоспар-кестесіне сәйкес оқу бағдарламаларының толық көлемде іске асырылуын;
3) оқитындарды даярлаудың жоғары сапасын;
4) білім беру процесі кезінде оқитындардың, оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және жүргізуді үйрету шеберлерінің өмірі мен денсаулығын сақтауды;
5) оқитындардың, оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және жүргізуді үйрету шеберлерінің құқықтары мен бостандықтарын сақтауды;
6) көлік құралдарының техникалық жарамды күйде ұсталуын және жүргізуді үйрету шеберлерін рейс алдындағы медициналық тексерудің ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.
Полная версия
ИС BestProfi