«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 34) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 30.12.2015
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтаудың, құюға беруге дайындаудың және олардың сапасына бақылау жүргiзудiң қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 796 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.02.2015 жылғы № 191 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтаудың, құюға беруге дайындаудың және олардың сапасына бақылау жүргiзудің қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 796 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтаудың, құюға беруге дайындаудың және олардың сапасына бақылау жүргiзудiң қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтаудың, құюға беруге дайындаудың және олардың сапасына бақылау жүргiзудiң қағидасы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 13-бабының 34) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында (бұдан әрі – ААҰ) авиациялық жанар-жағармай материалдары (бұдан әрі – авиаЖЖМ) мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасын бақылау тәртібін айқындайды.
2. Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағар май материалдарымен азаматтық авиация ұйымының құрылымдық бөлімшесі болып табылатын жанар-жағар май қызметі немесе дербес заңды тұлға – авиаотынымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйым ( бұдан әрі – ЖЖМҰ) қамтамасыз етеді.
3. Азаматтық авиацияның әуе кемелеріне құюға арналған авиаЖЖМ мен арнаулы сұйықтықтарды сақтауды, құюға беруге дайындауды және олардың сапасын бақылауды жүзеге асыру белгіленген тәртіппен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган беретін сертификат негізінде жүргізіледі.
4. Авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргізу үшін әуеайлақ аумағында немесе оның маңындағы аумақтарда:
1) көлік құралдарынан авиаЖЖМ-ді төгуге және ыдыстардағы өнімдерді қабылдауға арналған объектілерді;
2) құйылған авиаЖЖМ-ді сақтауға арналған резервуарлық паркін;
3) қоймалық үй-жайларды;
4) төгу-құю операцияларын жүргізуге арналған сорғы станциясын;
5) авиаЖЖМ-ді сүзу және су бөлу пункттерін;
6) құю құралдарына құю пункттерін;
7) құбыржол коммуникациясын;
Полная версия