1. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар оларды осы Кодекске енгiзгеннен кейiн ғана қолданылуға тиiс.
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2015

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегі N 167 Кодексі
Құжат мәтініндегі "жүйкеге әсер ететін" деген сөздер "психотроптық" деген сөзбен ауыстырылды ҚР 27.06.2008 жылғы № 255 Заңы бойынша (21.07.2007 ж. редакцияны қараңыз) (ресми жарияланғанынан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойған осы Кодекстің 51-бабын қоспағанда, осы Кодекс күшін жойды 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР 03.07.2014 жылғы № 226-V Кодексіне сәйкес
Редакция 03.07.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
ЖАЛПЫ БӨЛIМ
1-бөлiм Қылмыстық заң
1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары
2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасы Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделедi.
2-бап. Қылмыстық кодекстiң мiндеттерi
1. Осы Кодекстiң мiндеттерi:
адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiн қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.
2. Бұл мiндеттердi жүзеге асыру үшiн осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негiздерi белгiленедi, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қауiптi қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгiленедi.
3-бап. Қылмыстық жауаптылық негiзi
Қылмыс жасау, яғни осы Кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгiлерi бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бiрден-бiр негiзi болып табылады. Бiр қылмыс үшiн ешкiмдi де қайталап қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
4-бап. Қылмыстық заңның уақыт бойынша қолданылуы
Әрекеттiң қылмыстылығы мен жазаланушылығы сол әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгiленедi. Қоғамдық қауiптi iс-әрекет (әрекетсiздiк) жүзеге асырылған уақыт, зардаптардың басталған уақытына қарамастан, қылмыс жасалған уақыт деп танылады.
5-бап. Қылмыстық заңның керi күшi
1. Әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңiлдететiн немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңiлдететiн заңның керi күшi болады, яғни осындай заң күшiне енгенге дейiн тиiстi әрекет жасаған адамдарға, оның iшiнде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бiрақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.
2. Егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшiн жазасын өтеп жүрген әрекеттiң жазаланатындығын жеңiлдетсе, тағайындалған жаза жаңадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегiнде қысқартылуға тиiс.
3. Әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгiлейтiн, жауаптылықты немесе жазаны күшейтетiн немесе осы әрекеттi жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын заңның керi күшi болмайды.
6-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасы аумағында қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы
50-бап. Арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградаларынан айыру
1. Қасақана қылмыс жасағаны үшiн соттау кезiнде сот айыпкердiң жеке басын ескере отырып, оны құрметтi, әскери, арнаулы немесе өзге де атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан айыра алады.
1-бөлік өзгертілді ҚР 09.11.2011 жылғы № 490-IV Заңымен (28.01.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi берген құрметтi, әскери, арнаулы немесе өзге де атағы, сыныптық шенi, дипломатиялық дәрежесi немесе бiлiктiлiк сыныбы бар адамды қасақана қылмыс жасағаны үшiн соттаған ретте сот үкiм шығарған кезде ол сотталған адамды осы наградалардан, атақтардан, бiлiктiлiк шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен немесе бiлiктiлiк сыныбынан айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзудiң орындылығы туралы мәселенi шешедi.
51-бап. Мүлікті тәркілеу
51-бап өзгертілді ҚР 21.07.2007 жылғы № 308 Заңымен (15.05.2007 ж. редакцияны қараңыз) (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 51-бап өзгертілді ҚР 09.11.2011 жылғы № 490-IV Заңымен (28.01.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 51-бап өзгертілді ҚР 29.11.2011 жылғы № 502-IV Заңымен (09.01.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 51-бап өзгертілді ҚР 10.06.2014 жылғы № 206-V Заңымен (23.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 51-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.07.2014 жылғы № 226-V Кодексіне сәйкес (10.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап) (ҚР 13.11.2015 жылғы № 400-V Заңының өзгерістерімен)
1. Мүлікті тәркілеу дегеніміз – сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің, сондай-ақ қылмыс жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүліктің барлығын немесе бір бөлігін мемлекет меншігіне мәжбүрлі түрде өтеусіз алып қою.
Сотталған адамның меншігінен басқа, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны және ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) не тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында жасаған қылмыстары үшін, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған, сотталған адам басқа адамдардың меншігіне берген мүлік тәркіленуге жатады.
Сотталған адамның меншігінен басқа, осы Кодекстің 193-бабында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған, сотталған адам басқа адамдардың меншігіне берген мүлік те тәркіленуге жатады.
Сотталған адамның меншігінен басқа, террористік қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жолмен табылған, террористік әрекетті қаржыландыруға пайдаланылған не пайдалану үшін арналған мүлік те тәркіленуге жатады.
2. Пайдакүнемдік ниетпен жасалған қылмыстар үшін мүлікті тәркілеу белгіленеді және ол осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін.
3. Сотталған адамға немесе оның асырауындағы адамдарға қажетті мүлік қылмыстық-атқару заңнамасында көзделген тізбеге сәйкес тәркіленуге жатпайды.
Ескертпе. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген ақша және өзге де мүлік, егер олар осы Заңда қылмыстық жауаптылықтан босату көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған жағдайда тәркіленуге жатпайды.
Бұл ретте осы бапқа ескертпенің ережелері 2014 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша заңды күшіне енген сот актілеріне қолданылмайды, сондай-ақ жария етуге жатпаған жария етілген мүлік пен ақшаға қолданылмайды.
4-бөлім Жаза тағайындау
52-бап. Жаза тағайындаудың жалпы негiздерi
1. Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында белгiленген шекте және осы Кодекстiң Жалпы бөлiмiнiң ережелерi ескерiле отырып, әдiл жаза тағайындалады.
2. Қылмыс жасаған адамға оның түзелуi және жаңа қылмыстардың алдын алу үшiн қажеттi және жеткiлiктi жаза тағайындалуға тиiс. Егер жасалған қылмыс үшiн көзделген жазаның онша қатаң емес түрi жазаның мақсатына жетудi қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшiн көзделгендерi арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Жасалған қылмыс үшiн осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптарда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза осы Кодекстiң 58 және 60-баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкiмдердiң жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкiн. Жасалған қылмыс үшiн осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптарда көзделгеннен қатаңдығы төменiрек жаза тағайындау үшiн негiз осы Кодекстiң 55-бабында белгiленедi.
3. Жаза тағайындау кезiнде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi айыпкердiң жеке басы, сонымен бiрге оның қылмыс жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзелуiне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тiршiлiк жағдайына ықпалы ескерiледi.
53-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар
1. Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылады:
а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыс жасау;
Полная версия