Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңы
Құжат мәтіндегі "орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің", "орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі", "орталық атқарушы органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің", "орталық атқарушы органдар аумақтық бөлімшелерінің", "орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің", "орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің" сөздері "орталық мемлекеттік органдардың барлық аумақтық бөлімшелерінің", "орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі", "орталық мемлекеттік органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің", "орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің", "орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің", "орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің" сөздерімен ауыстырылды ҚР 10.01.2006 жылғы № 116 Заңымен (15.04.2005 ж. редакцияны қараңыз)
Құжат мәтіндегі «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың)», «облыс (республикалық маңызы бар қала және астана)», «Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)», «Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облысты (республикалық маңызы бар қаланы, астананы)», «облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)», «Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың)», «облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)», «Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық және астаналық)», «Облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана)», «Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)», «облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана)», «облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың)» сөздері «астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың», «астана, облыс және республикалық маңызы бар қала», «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «астана, облыс, республикалық маңызы бар қала», «Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «астананы, облысты, республикалық маңызы бар қаланы», «облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық», «Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «астана, облыс, республикалық маңызы бар қала», «Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық және астаналық», «Облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана», «Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық», «облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана», «облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың» сөздерімен ауыстырылды ҚР 22.07.2011 жылғы № 479-IV Заңымен (21.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Құжат мәтініндегі «ауылдық (селолық)», «ауыл (село)», «ауылдың (селоның)», «ауылдарда (селоларда)», сөздері «ауылдық», «ауыл», «ауылдың», «ауылдарда» сөздерімен ауыстырылды ҚР 03.07.2013 жылғы № 121-V Заңымен (13.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Құжат мәтініндегі «ставкаларын», «проценті», «проценттен» сөздері «мөлшерлемелерін», «пайызы», «пайыздан» сөздерімен ауыстырылады ҚР 28.11.2014 жылғы № 257-V Заңы бойынша (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.04.2015 жылдан бастап)
Осы Заңда бүкіл мәтін бойынша «шетелдіктер», «Шетелдіктер» деген сөздер тиісінше «шетел азаматтары», «Шетел азаматтары» деген сөздермен; «заңнамалық актілеріне», «заңнамалық актілерінде», «заңнамалық актiсiне», «заң актілеріне», «Қазақстан Республикасының заң актілеріне», «заң актiлерiмен» деген сөздер тиісінше «заңдарына», «заңдарында», «заңына», «заңдарға», «Қазақстан Республикасының заңдарына», «заңдармен» деген сөздермен; «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың», «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана», «облыс, республикалық маңызы бар қала және астана», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы», «облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы», «облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық мәслихаттың», «облыс, республикалық маңызы бар қала, астана», «тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың» деген сөздер тиісінше «астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың», «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың», «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар», «Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың», «Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың», «Астана, облыс және республикалық маңызы бар қала», «астана, облыс және республикалық маңызы бар қала», «Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала», «астананы, облысты, республикалық маңызы бар қаланы», «астанадағы, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы», «астана, облыс, республикалық маңызы бар қала мәслихатының», «астана, облыс, республикалық маңызы бар қала», «астананың, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 306-VIII Заңына сәйкес (03.06.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 13.05.2020 жылғы № 327-VІ Заңына сәйкес (өзгеріс «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар күшіне енген күннен бастап күшіне енеді)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 19.05.2026 жылғы № 292-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 20.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 03.06.2026 жылғы № 295-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 04.08.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 12.06.2026 жылғы № 311-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 13.08.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретiн, қызметiнiң ұйымдастырылуын, тәртiбiн, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi.
Кіріспе өзгертілді ҚР 09.02.2009 жылғы № 126-IV Заңымен (24.12.2008 ж. редакцияны қараңыз)
1) әкім - жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттігі және өзін-өзі басқару функциялары берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің өкілі;
2) әкім аппараты – жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда), әкімнің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.07.2017 жылғы № 90-VІ Заңына сәйкес (30.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.07.2017 жылы № 132 (28511) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасы - тиісті аумақта орналасқан, тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар жүйесі;
3-1) әлеуметтік инфрақұрылым – елді мекеннің қалыпты тыныс-тіршілігін функционалдық қамтамасыз ететін заңды тұлғалардың жиынтығы, оларға: әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру, мектепке дейінгі тәрбиелеу жүйелерінің ұйымдары; демалуға және бос уақытты өткізуге байланысты ұйымдар; бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану, қызметтер көрсету саласы, спорттық-сауықтыру мекемелері; халыққа коммуналдық қызметтерді өндіретін және ұсынатын ұйымдар, сондай-ақ этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын достық үйлері жатады;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 03.07.2013 жылғы № 121-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-1-тармақша өзгертілді ҚР 11.06.2026 жылғы № 306-VIII Заңымен (03.06.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы өңірлік достық үйлері жұмыс істейді.
3-2) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасы – мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою бойынша құзыреті шегінде жүзеге асыратын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, тәрбиелік, насихаттық және өзге де шаралар кешені;
1-бап 3-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган - жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме;
6) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
6-1) жергілікті қоғамдастық жиналысы – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің осы Заңда айқындалған шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;
1-бап 6-1 тармақшамен толықтырылды ҚР 13.06.2013 жылғы № 101-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 14.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды.
6-2) жергілікті қоғамдастық жиыны – тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) осы Заңда айқындалған шекте және тәртіппен жергілікті мәні бар аса маңызды мәселелерді шешуге тікелей қатысуы;
1-бап 6-2 тармақшамен толықтырылды ҚР 13.06.2013 жылғы № 101-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 14.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды.
7) жергілікті маңызы бар мәселелер - реттелуі осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл қызметінің мәселелері;
8) жергілікті мемлекеттік басқару - осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген құзыреті шегінде тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асыратын, сондай-ақ олардың тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызметі;