Близость слов: Окончание:





Мiндетті экологиялық сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 93-III Заңы
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (өзгерту 12.09.2022, 01.01.2024 жылдардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 16.01.2026 жылғы № 259-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 16.12.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң міндетті экологиялық сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және оны жүргізудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) авария – ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) техникалық құрылғылардың қирауы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауіпті (зиянды) заттардың шығарындысы;
1-бап 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) міндетті экологиялық сақтандыру – авария нәтижесінде экологиялық залал келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілік басталған кезде жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (сақтандырылушылардың) заңды мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі қатынастар кешені;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) міндетті экологиялық сақтандыру шарты - сақтандырушы мен сақтанушының арасында осы Заңда белгіленген талаптармен жасалатын шарт ;
5) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға ;
6) сақтандыру жағдайы - басталуына орай міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;
6-1) сақтандыру омбудсманы – «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеудi жүзеге асыратын, өз қызметiнде тәуелсiз жеке тұлға;
1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7) сақтандыру сомасы - міндетті экологиялық сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
8) сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушы міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттеме қабылдағаны үшін сақтанушының сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы;
9) сақтандыру төлемі - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы;
10) сақтандырушы - сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға шартта айқындалған сақтандыру сомасы шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға;
11) сақтандырылушы - өзіне қатысты міндетті экологиялық сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;
12) сақтанушы - шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын, сақтандырушымен міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқан жеке және (немесе) заңды тұлға;
13) үшінші тұлғалар – міндетті экологиялық сақтандырудан туындайтын рәсімдерге тартылған құқықтық қатынастар субъектілері;
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi