Осы Заң санаткерлiк меншiк саласында ғылым, әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық), қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқықтар) жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастары реттейдi.
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-I Заңы
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 13.05.2020 № 327-VІ Заңына сәйкес (өзгеріс «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар күшіне енген күннен бастап күшіне енеді). Құжат мәтіндегі «I тарау», «II тарау», «III тарау», «IV тарау» және «V тарау» деген сөздер тиісінше «1-тарау», «2-тарау», «3-тарау», «4-тарау» және «5-тарау» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 20.06.2022 жылғы № 128-VII Заңына сәйкес (13.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.08.2022 жылдан бастап)
Редакция 08.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Реттелетiн мәселелер
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап өзгертілді ҚР 09.07.2004 жылғы № 586 Заңымен (10.06.1996 ж. редакцияны қараңыз) 2-бап өзгертілді ҚР 10.07.2009 жылғы № 179-IV Заңымен (27.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автор - шығармашылық еңбегімен ғылым, әдебиет, өнер туындысын жасаған жеке тұлға;
2) авторлық құқық - автордың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары;
3) авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралы - туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қол жеткізуді бақылайтын, автор, сабақтас құқықтар иесі немесе өзге де айрықша құқықтар иесі туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты рұқсат етпеген іс-әрекеттерді жүзеге асыруды болғызбайтын не шектейтін техникалық (бағдарламалық-техникалық) құрылғы немесе оның компоненттері;
4) авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiсiнiң контрафактiлiк данасы – жасалуы, таратылуы немесе өзгедей пайдаланылуы осы Заңның ережелерiне не Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына орай авторлық құқықтың және (немесе) сабақтас құқықтардың бұзылуына әкеп соғатын туындының, жазылған орындаушылықтың, фонограмманың, эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымдары хабарының данасы. Құқық иеленушiнiң рұқсатынсыз құқықтарды басқару туралы ақпараты жойылған немесе өзгертiлген не авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын айналып өтуге мүмкiндiк беретiн заңсыз пайдаланылатын құрылғылардың көмегiмен жасалған авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерi де контрафактiлiк болып танылады;
4-тармақша өзгертілді ҚР 12.01.2012 жылғы № 537-IV Заңымен (10.07.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
5) авторлық шарт – нысанасы бір немесе бірнеше авторлық құқық объектілерін пайдалануға мүліктік құқықтарды беру болып табылатын шарт. Авторлық шарт лицензиялық шарттың бір түрі болып табылады;
5-тармақша өзгертілді ҚР 12.01.2012 жылғы № 537-IV Заңымен (10.07.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
6) айрықша емес құқық - осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, автордың немесе өзге құқық иеленушінің тиісті рұқсатымен басқа адамдардың құқық иеленушімен бір мезгілде туындыны, орындаушылықты, қойылымды, фонограмманы, эфирлік және кәбілдік хабар тарату ұйымдарының хабарын пайдалана алатын құқығы;
7) айрықша құқық – автордың және (немесе) өзге де құқық иеленушінің туындыны және (немесе) сабақтас құқықтар объектісін белгіленген мерзім ішінде кез келген тәсілмен пайдалануды жүзеге асыруға, оған рұқсат беруге және тыйым салуға мүліктік құқығы;
7-тармақша өзгертілді ҚР 07.04.2015 жылғы № 300-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2015 жылы № 65 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8) аккредиттеу - ұжымдық басқару салаларында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың осы Заңда белгіленген заңды құқықтарын уәкілетті органның ресми тану рәсімі;
8-тармақша өзгертілді ҚР 22.11.2005 жылғы № 90 Заңымен (09.07.2004 ж. редакцияны қараңыз)
8-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-бап 8-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.01.2012 жылғы № 537-IV Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 8-1-тармақша алынып тасталды ҚР 24.11.2015 жылғы № 419-V Заңымен (31.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
9) деректер базасы - деректер электронды-есептеу машинасының (бұдан әрі - ЭЕМ) көмегімен табылатындай және өңделетіндей етіп жүйеге түсірілген материалдардың іріктелуі және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектің нәтижесін білдіретін деректер (мақалалар, есептер, фактілер және басқалар) жиынтығы. Деректер базасы ұғымы оның көмегімен деректер базасының материалдарына электрондық қол жеткізуді жүзеге асыруға болатын ЭЕМ-ге арналған бағдарламаға қолданылмайды;
10) дыбыстау-бейнелеу туындысы - тиісті техникалық құрылғылардың көмегімен көріп және естіп (дыбыспен берілетін жағдайда) қабылдауға арналған өзара байланысты кадрлардың немесе бейнелердің (дыбыспен сүйемелдеп немесе сүйемелдемей) түсірілген сериясынан құралатын туынды. Дыбыстау-бейнелеу туындылары кинематографиялық туындыларды және бастапқы немесе одан кейінгі түсірілу тәсіліне қарамастан, кинематография құралдарына ұқсас құралдармен бейнеленген туындылардың барлығын (телефильмдерді және бейнефильмдерді, диафильмдер мен слайдфильмдерді және сол сияқты туындыларды) қамтиды;
11) дыбыстау-бейнелеу туындысын шығарушы - осындай туындыны жасаудың бастамасы мен жауапкершілігін мойнына алған жеке немесе заңды тұлға. Өзге дәлелдемелер болмаған кезде, осы туындыда есімі немесе атауы белгіленген тұлға дыбыстау-бейнелеу туындысын шығарушы деп танылады;
11-тармақша өзгертілді ҚР 22.11.2005 жылғы № 90 Заңымен (09.07.2004 ж. редакцияны қараңыз)
12) жазу - дыбыстарды және (немесе) бейнелерді техникалық құралдардың көмегімен оларды бірнеше қайтара қабылдауға, қайта шығаруға немесе хабарлауға мүмкіндік беретін қандай да бір материалдық нысанда жазып алу;
Полная версия