Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 23.07.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Жерді қашықтықтан зондтау жүйесі үлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 722 Қаулысы
«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 31 мамырдағы
 № 722 қаулысымен
 бекітілген
Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидалары
1. Осы Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау (бұдан әрі - ЖҚЗ) деректерін алу, өңдеу және тарату тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылап қарау – Қазақстан Республикасының заңнамасымен және халықаралық шарттармен геокеңістіктік ақпаратын тарату шектелген (түсірілімдер аумағы бойынша, уақыты және ЖҚЗ деректерін пайдаланушыларға беру шарттары бойынша) объектілер мен ЖҚЗ деректерінде бейнеленген қызметтер танып білу (сараптау) рәсімі;
2) геокеңістіктік ақпарат – қашықтықтан зондтау, геодезиялық және картографиялық жұмыстар деректерін өңдеу негізінде және Жер туралы деректерді жинаудың өзге құралдарымен алынған Жер бетінде және жер бетінің астыңғы қабатында орналасқан жер мен объектілер туралы деректер жиынтығы, сондай-ақ түсірілімнің орбиталық параметрлері, калибрлік коэффициенттер және ЖҚЗ деректерін дұрыс өңдеу үшін қажетті басқа қосымша ақпарат;
3) ғарыш түсірілімдері – Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш құралдарымен жүзеге асыратын түсірілімдер;
4) Жерді қашықтықтан зондтау деректері (бұдан әрі – ЖҚЗ деректері) - Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш аппаратының бортында орнатылған аппаратураның көмегімен тікелей алынған алғашқы деректер (ғарыштық суреттер және метадеректер), сондай-ақ оларды өңдеу нәтижесінде (интерпретациялаудан) алынған материалдар;
5) Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесінің ұлттық операторы (бұдан әрі – ЖҚЗ ҒЖ операторы) – Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін басқаруды және оны пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
6) ЖҚЗ ҒЖ операторының қызметтері (бұдан әрі – қызметтер) – ЖҚЗ деректерін өңдеу, тақырыптық өңдеу өнімдерін жасау, консультациялар, геоақпараттық жүйелерді әзірлеу және енгізу жөніндегі бағдарламалық-аппараттық рәсімдер кешені;
7) ЖҚЗ деректерінің дистрибьюторы – ЖҚЗ құралдарының меншік иесімен не ЖҚЗ деректерін жеткізушімен (оператормен) ғарыш түсірілімдерін таратуға және өңдеуге лицензиялы келісімі бар заңды тұлға;
8) кеңістіктік деректердің инфрақұрылымы – мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың тиімді пайдалануын қамтамасыз ететін бірыңғай мемлекеттік стандартқа келтірілген, жүйелендірілген кеңістіктік деректердің жиынтығы;
Полная версия
ИС BestProfi