Близость слов: Окончание:





Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ө-м бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 16 тамызда № 8624 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.06.2018 жылғы № 226 Бұйрығына сәйкес (16.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.08.2021 жылғы № 284 Бұйрығына сәйкес (04.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2026 жылғы № 222 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 12.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 15.06.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 9) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.04.2020 жылғы № 153 Бұйрығына сәйкес (06.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.10.2025 жылғы № 317 Бұйрығына сәйкес (31.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2026 жылғы № 222 Бұйрығына сәйкес (10.10.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидалары бекітілсін.
1-тармақ  жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.06.2018 жылғы № 226 Бұйрығына сәйкес (16.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.08.2021 жылғы № 284 Бұйрығына сәйкес (04.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Оралмандар мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 15 қарашадағы № 476 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6698 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 қаңтарда № 78 «Казахстанская правда» газетінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті (А.Ә. Сарбасов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Қ. Егембердіге жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2013 жылғы 22 шілдедегі
№ 329-Ө-М бұйрығымен
бекітілген
Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.02.2014 жылғы № 32-ө Бұйрығымен (22.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 08.01.2016 жылғы № 8 Бұйрығына сәйкес (10.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.10.2017 жылғы № 344 Бұйрығымен (08.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.06.2018 жылғы № 226 Бұйрығына сәйкес (16.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.04.2020 жылғы № 153 Бұйрығына сәйкес (06.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.08.2020 жылғы № 286 Бұйрығымен (29.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.08.2021 жылғы № 284 Бұйрығына сәйкес (04.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.07.2023 жылғы № 327 Бұйрығына сәйкес (11.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 9) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қандас мәртебесін беру немесе ұзарту тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2026 жылғы № 222 Бұйрығына сәйкес (10.10.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға «бір терезе» қағидаты бойынша беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы мен еңбек мобильділігі орталығы (мансап орталығы) арасындағы, ал Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінде көзделген жағдайларда жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке немесе заңды тұлғалармен арадағы, тараптардың құқықтарын және міндеттерін айқындайтын, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;
3) бейімделу және интеграциялық қызметтер – қоғамға бейімделу және ықпалдасу мақсатында қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне көрсетілетін қызметтер кешені (ақпараттық, заңдық, әлеуметтік, медициналық және білім беру);
4) «бір өтініш» қағидаты – бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығын көздейтін Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны;
Полная версия
ИС BestProfi