Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 130 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының (I кезең) 151-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
Аккредиттеу органдарының, аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының ұлттық тізілімдерін құру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 556 бұйрығы
Редакция 04.07.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Аккредиттеу органдарының, аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының ұлттық тізілімдері құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Аккредиттеу органдарының, аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының ұлттық тізілімдерін жүргізу тәртібі және талаптары бекітілсін.
3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ж. Қ. Шаймарданов) осы бұйрықты жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
Министр Б. Жұмағұлов
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 556 бұйрығымен бекітілген
Аккредитациялық органдардың, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын Ұлттық тізілімдерге енгізудің тәртібі мен талаптары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Аккредитациялық органдардың, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын ұлттық тізілімдерге енгізудің тәртібі мен талаптары (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабының 10 тармақшасына сәйкес әзірленген; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 130 қаулысымен бекітілген Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (1-кезең) іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленді және Аккредитациялық органдарды (бұдан әрі - 1-Ұлттық тізілім), аккредиттелген білім беру ұйымдарын (бұдан әрі - 2-Ұлттық тізілім) және білім беру бағдарламаларын (бұдан әрі - 3-Ұлттық тізілім) ұлттық тізілімге енгізуді, аккредитациялық органдарға қойылатын талаптарды және аккредитациялық органдарды, аккредиттелген білім беру ұйымдарын және білім беру бағдарламаларын тіркеу тәртібін анықтайды.
2. Тіркеу объектісі институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуді жүзеге асыратын аккредитациялық органдар, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламалары болып табылады.
3. 1-Ұлттық тізілімде білім беру саласындағы уәкілетті орган таныған ұлттық және шетелдік аккредитациялық органдарды, олардың білім беру ұйымдарын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімін жүзеге асыру жөніндегі заңдылығын тіркеу және есепке алу жүргізіледі.
4. Білім беру саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі болып табылады (бұдан әрі - Министрлік).
5. 1-Ұлттық тізілімді Республикалық аккредиттеу кеңесінің (бұдан әрі - Кеңес) ұсынымдарының негізінде Министрлік қалыптастырады және білім беру саласындағы аккредиттелген органдардың деректер базасы болады.
Кеңес ережесі Министрліктің бұйрығымен бекітіледі.
6. 2-Ұлттық тізілім институционалдық аккредиттеуден өткен танылған қазақстандық және шетелдік аккредиттеу органдарының, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының күшіне енгенге дейін әрекет еткен аккредиттеу органдарының анықтамасы негізінде Министрлік қалыптастырған аккредиттелген білім беру ұйымдарының тізімі болып табылады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 04.07.2014 жылғы № 265 Бұйрығымен (27.06.2013 ж. редакцияны қараңыз)
7. 3-Ұлттық тізілім танылған қазақстандық және шетелдік аккредиттеу органдарының, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының күшіне енгенге дейін әрекет еткен аккредиттеу органдарының мәліметтері негізінде Министрлік қалыптастырған білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларының тізбесі болып табылады.
7-тармақ өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 04.07.2014 жылғы № 265 Бұйрығымен (27.06.2013 ж. редакцияны қараңыз)
8. Оқу орындарын аккредиттеуді (ұлттық және халықаралық институционалдық аккредиттеу) Министрлік егер оны 1-Ұлттық тізілімге енгізілген қазақстандық және шетелдік аккредиттеу агенттіктері (органдары), сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының күшіне енгенге дейін әрекет еткен аккредиттеу органдары жүргізген жағдайда ғана мойындайды.
8-тармақ өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 04.07.2014 жылғы № 265 Бұйрығымен (27.06.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Білім беру бағдарламаларын аккредиттеуді Министрлік егер оны 1-Ұлттық тізілімге енгізілген қазақстандық немесе шетелдік аккредиттеу агенттіктері (органдары), сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының күшіне енгенге дейін әрекет еткен аккредиттеу органдары жүргізген жағдайда ғана мойындайды.
9. Білім беру ұйымдарына кәсіби аккредитациялық органдар туралы ақпараттар беру үшін Министрліктің Интернет қорына 1-Ұлттық тізілім орналастырылады.
10. Жұмыс берушілерге, студенттерге, талапкерлерге және олардың ата-аналарына аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламалары туралы ақпарат беру мақсатында 2 және 3-Ұлттық тізілімдер Министрлік пен кәсіби аккредитациялық органдардың Интернет қорына орналастырылады.
2. Аккредитациялық органдарға қойылатын талаптар
11. Аккредитациялық орган:
1) коммерциялық емес ұйым нысанында заңды тұлға ретінде заңды деп тану - Қазақстан Республикасының әділет органдарында немесе шетелде тіркеуі;
2) берілген міндеттер мен мақсаттарға сәйкес қызметтерді жүргізу үшін қажетті материалдық және ақпараттық ресурстар: штаттық қызметтерлер 4 кем болмауы; қажетті жабдықтары бар қызмет орны (компьютерлер, көшірме және факс аппаратры, қалааларлық байланысы бар телефон);
3) өтініш білдірілген міндеттерге сәйкестігіне білім беру ұйымдары сарапшыларының жүргізген сапаны сырттай бағалау және мамандардың бейіні жөніндегі сарапшылардың деректер базасы;
4) аккредитациялық органдар қолданылатын процестер мен рәсімдердің сипаттауына жұртшылықтың қол жетімділігі үшін агенттіктің Интернет қоры;
5) аккредитациялық органның институтционалдық және мамандандырылған аккредиттеудің әзірленген стандарттары;
6) білім беру ұйымдарын акредиттеу рәсімнен өткізуге арналған әдістемелік база: институационалды және мамандырылған аккредитациялардың өздік бағалау тәртібін жүргізу үшін; сыртқы сараптамаларды (аудит) жүргізу үшін жетекшілердің бар болуы;
7) білім беру сапасын қамтамасыз етудің халықаралық желілеріне (INQAAHE, ENQA, APQN) және (немесе) техникалық және кәсіптік білім беру салаларындағы аккредиттеу органдарын сертификаттайтын желілерге толық немесе қауымдастырылған мүшелігі;
7-тармақша өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 27.06.2013 жылғы № 240 Бұйрығымен (30.12.2011 ж. редакцияны қараңыз)
8) білім беру ұйымдарымен аффилировлігінің жоқтығы негізінде танылады және тіркеледі: аккредитациялық органның офисы білім беру ұйымының аумағында болмау тиіс.
3. Аккредитациялық органдарды тану тәртібі.
12. Министрлік таныған аккредитациялық органдар 1-Ұлттық тізілімге тіркеледі және есепке алынады.
13. 1-Ұлттық тізілімге тіркеу үшін аккредитациялық орган Министрлікке мынадай құжаттарды тапсырады:
1) осы Ереженің 1 қосымшаға сәйкес ұсынылған нысан бойынша өтініш;
2) құрылтайшылық құжаттардың нотариалды расталған көшірмесі;
3) осы Ереженің 2 қосымшаға сәйкес және осы Ереженің 11-тармағында көрсетілген, аккредитациялық органдардың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
14. 1-Ұлттық тізілімге шетелдік аккредитациялық органдарды енгізу туралы мәселе есепке ала отырып заңды тұлғалардың шағымдары 13-тармағына сәйкес негізінде қарастырылады, сонымен қатар келесі жағдай сақтау керек:
1) оларды елдің аккредиттеу органдары ұсынған ұлттық реестріне енгізу;
2) Болон декларациясына қол қойған елдердің аккредиттеу агенттіктері Сапаны қамтамасыз етудің Еуропалық тізбесіне (EQAR) және (немесе) орта техникалық және кәсіптік білім беру салаларындағы аккредиттеу органдарын сертификаттайтын халықаралық ұйымдарға енуі қажет;
2-тармақша өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 27.06.2013 жылғы № 240 Бұйрығымен (30.12.2011 ж. редакцияны қараңыз)
3) сыртқы аудитті жүргізу барысында шетел агенттіктер шетел сарапшыларымен қатар қазақстандық Ұлттық реестрге енгізілген акредиттеу органдарының ұсынылымы бойынша қазақстандық сарапшыларды комиссия құрамына енгізеді.
4) АҚШ-тың аккредиттеу органдары үшін, АҚШ Білім департаментінің Федералдық тізіліміне енгізу.
14-тармақ 4-тармақшамен толықтырылды ҚР Білім және ғылым министрінің 04.07.2014 жылғы № 265 Бұйрығына сәйкес
15. Министрлік ұсынылған материалдардың толықтығын, олардың анықтығын тексереді және құжаттарды қарастыру үшін Кеңеске жібереді.
16. 1-Ұлттық тізілімге тіркеу үшін ұсынылған құжаттарды қарау мерзімі түскен күннен бастап екі айдан аспауы қажет.
17. Кеңес аккредитациялық органды тану немесе танымау, тиісінше 1-Ұлттық тізілімге ресми тіркеу мүмкіндігі немесе мүмкін емес екендігі туралы шешім қабылдайды.
Кеңестің шешімі ұсынымдық сипатта болады.
18. Кеңес қабылдаған шешім одан әрі шешім қабылдау үшін Министрлікке жіберіледі.
19. Министрлік Кеңес ұсынымдарының негізінде акредитациялық органды тану немесе танымау туралы соңғы шешім қабылдайды, аталғаны Министрліктің бұйрығымен бекітіледі.
20. Танылған аккредитациялық орган бес жыл мерзімге 1-Ұлттық тізілімге тіркеледі және Министрліктің ұлттық тізіліміне тіркелгендігі туралы куәлік алады.
21. 1-Ұлттық тізілімге енгізілген аккредиттеу органдары жыл сайын 1 сәуірге Министрлікке аккредиттеу қызметтерін жүргізу туралы жылдық есеп, сондай-ақ 10 жұмыс күнінен кешіктірме и аккредиттеуден өту туралы шешім қабылданғаннан кейін 2 және 3-Ұлттық тізілімдер үшін 6 және 7-тармақтарға сәйкес ақпарат ұсынады, сонымен қатар өз Интернет-ресурстарына орналастырады.
21-тармақ өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 04.07.2014 жылғы № 265 Бұйрығымен (27.06.2013 ж. редакцияны қараңыз)
22. ЕQАR-ға және АҚШ Білім департаментінің Федералдық тізіліміне енген ұйымдардан басқа аккредиттеу органдарына Кеңес тарапынан бес жылда бір рет (1-Ұлттық тізілімге енген күннен бастап) сырттай бағалау жүргізіледі, онда агенттіктердің жүргізген аккредиттеу рәсімдерінің нәтижелері сыртқы аудитті қатыстыра отырып бағаланады.
22-тармақ өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 27.06.2013 жылғы № 240 Бұйрығымен (30.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) 22-тармақ өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 04.07.2014 жылғы № 265 Бұйрығымен (27.06.2013 ж. редакцияны қараңыз)
23. Аккредитациялық орган, оны танудан бас тартқан жағдайда, кемшіліктерді қалпына келтіргеннен кейін 1 жылдан кешіктірмей тануды алу үшін қайта құжаттар тапсырады.
24. Аккредитациялық орган:
12-тармақ , аккредитациялық органға қойылған талаптарды сақтамаса;
21-тармақ талаптарын сақтамаса;
2-Ұлттық тізілімді қалыптастыру үшін Министрлікке ұсынылған анықтамадағы мәліметтердің күмәнділігі немесе бурмаланғандығы анықталса;
аккредиттеу органы қайта ұйымдастырылса немесе таратылса;
қызметін ерікті түрде тоқтату туралы аккредитациялық орган өтініш берген жағдайларда 1-Ұлттық тізілімнен шығырылады.
тіркелген сәттен бастап бес жыл мерзімнің аяқталуына байланысты шығарылады.
Аккредитациялық органдардың, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын Ұлттық тізілімдерге енгізудің тәртібі мен талаптарына 1-қосымша
Кімге:_________________________________________________________________________________________________________________
(лауазымы, орталық мемлекеттік
_____________________________________________________________________________________________________________________
орган басшысының А.Ә.Т.)
Кімнен:_______________________________________________________________________________________________________________
(лауазымы, аккредитациялық
_____________________________________________________________________________________________________________________
орган басшысының А.Ә.Т.)
Реквизиттері:___________________________________________________________________________________________________________
(заңды мекен-жайы, байланыс телефоны)
_____________________________________________________________________________________________________________________
Өтініш
1-Ұлттық тізілімге ресми тіркеу үшін ______________________________________________________________________________________
(орталық мемлекеттік органның атауы)
_____________________________________________________________________________________________________________________
(аккредитациялық органның атауы)
_______________________________________________________________________________________________ қызметін тануды өтінемін.
Өтінішке төмендегідей құжаттар тіркелді:
1.____________________________________________________________________________________________________________________
2.____________________________________________________________________________________________________________________
3.____________________________________________________________________________________________________________________
4.____________________________________________________________________________________________________________________
5.____________________________________________________________________________________________________________________
МО ________________ ___________________
(қолы) (лауазымы А.Ә.Т.)
Мерзімі: «____» ________________ 20_____ ж.
Аккредитациялық органдардың, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын Ұлттық тізілімдерге енгізудің тәртібі мен талаптарына 2-қосымша
Ақпарат парақшасы
| Өтініш беруші (ұйымның атауы) | |
| Веб-сайт Агенттік қызметіне тікелей сілтеме | Аккредителген ұйымдардың тізімі, аккредиттеу жөніндегі әдістемелік құжаттар, желілердегі және халықаралық қызметі мүшелік |
| Байланысатын тұлға: телефоны факс е-mail | |
| Агенттік қызметінің қысқаша жалпы сипаттамасы (барынша 5-6 бет) | |
| Маманданудың болуы, мәселен, пәндік сала немесе кәсіптік сектор (барынша 5-6 бет) | |
| Қолданыстағы стандарттар мен аккредиттеудің критерийлері (барынша 5-6 бет) | |
| Әдістемелік басқару (қысқаша сипаттама, 5-7 жол) | |
| Агенттік жұмыс істейтін елдер |
Полная версия

