Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2023
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 25 маусымдағы № 641 қаулысы
Осы Қаулы 30.07.2023 жылдан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 563 Қаулысына сәйкес
Редакция 01.07.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 25 маусымдағы
№ 641 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.09.2011 жылғы № 1067 Қаулысымен (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы №355 Қаулысымен (14.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы № 355 Қаулысымен (14.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.03.2019 жылғы № 108 Қаулысына сәйкес (16.09.2011 ж. редакцияны қараңыз)
5. «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің үлгі регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 546 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 15, 192-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінің үлгі регламентінде :
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдік пен әкімнің актілерін орындауды ұйымдастыру «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына, осы Регламентке және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:
«36-1. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінде көрсетілген құжаттардың орындалуын бақылауға жауапты лауазымды адамдар:
1) облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның бірінші басшысы өз құзыреті шегінде заңнамалық актілердің, Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, әкімдіктің актілері мен тапсырмаларының, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өзге де тапсырмаларының уақтылы әрі сапалы орындалуына жалпы басшылықты және бақылау жасауды жүзеге асырады;
2) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының басшысы өз құзыреті шегінде заңнамалық актілердің, Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, әкімдіктің, әкімнің актілері мен тапсырмаларының, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өзге де тапсырмаларының орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
3) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің орынбасарлары өз құзыреті шегінде жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша заңнамалық актілердің, Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, әкімдіктің, әкімнің актілері мен тапсырмаларының және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өзге де тапсырмаларының сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Көрсетілген лауазымды адамдар аталған құжаттардың уақтылы әрі сапалы орындалуы үшін дербес жауапты болады.»;
мынадай мазмұндағы 37-1, 37-2 және 37-3-тармақтармен толықтырыл сын:
«37-1. Белгіленген орындау мерзімдерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшылығы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Кеңсе Басшысының актілері мен тапсырмалары мынадай бақылау түрлеріне қойылады:
1) шұғыл - «өте шұғыл» белгісі бар - үш жұмыс күні ішінде, «шұғыл», «жеделдетілсін» белгісі бар - он жұмыс күніне дейін;
2) қысқа мерзімді - он жұмыс күнінен бір айға дейін;
3) орта мерзімді - бір айдан алты айға дейін;
37-2. Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Үкіметтің және Кеңсе Басшысының актілері мен тапсырмаларында белгіленген тапсырмаларды орындау мерзімдері олар облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті атқарушы органына түскен күнінен бастап жұмыс күндерімен есептеледі.
Өздеріне тапсырма берілген, өкілдері отырысқа (кеңеске) қатысқан тиісті жергілікті атқарушы органдар өздеріне отырыс (кеңес) хаттамасының немесе Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшылығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының қол қойылған тапсырмасының түскенін күтпей, отырыстан (кеңестен) кейін бірден тапсырманы орындауға кірісуге міндетті.
37-3. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшылығының, Қазақстаң Республикасы Үкіметінің, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау актілер мен тапсырмаларда көрсетілген мерзімдерде қамтамасыз етіледі.
Егер «Бақылауға алынды» деген мөртаңбасы бар тапсырмалардың мерзімдері белгіленбеген жағдайда, олар Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Премьер-Министр Кеңсесінің атына ақпарат енгізе отырып, бір ай мерзімде орындалады. Өзге жағдайларда ақпарат Президент Әкімшілігінің немесе Премьер-Министр Кеңсесінің қосымша сұрауына сәйкес белгіленген тәртіппен беріледі.»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының немесе Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тапсырмаларын орындау мүмкін болмаған жағдайда, көрсетілген мерзімде жергілікті атқарушы органның басшысы алдын ала, белгіленген мерзімге дейін кемінде бір күн бұрын тапсырма берген лауазымды адамның атына орындаудың ағымдағы жай-күйін, нақты орындау мерзімін, нақты жауапты саяси мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарды және ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарын міндетті түрде көрсете отырып, мерзімін ұзарту не оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттігі туралы дәлелденген негіздемені көрсетіп хат жолдайды.
Мерзімін ұзартуға, оның ішінде оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының шешімі бойынша бір рет қана жол беріледі.
Актілердің және (немесе) тапсырмалардың тармақтарын орындау мерзімін қайтадан ұзартуға Президенттің, Президент Әкімшілігі
Басшылығының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының шешімі бойынша тәртіптік жауапкершілік туралы мәселені қарай отырып, ерекше жағдайларда жол беріледі.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің үлгі регламентінде :
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Заңнамалық актілерді, Президенттің, Президент Әкімшілігі басшылығының, Үкіметтің және Кеңсе Басшысының, әкімдік пен әкімнің актілерін орындауды ұйымдастыру «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына, осы Регламентке және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:
«36-1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінде көрсетілген құжаттардың орындалуын бақылауға жауапты лауазымды адамдар:
1) аудандық (қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның бірінші басшысы өз құзыреті шегінде заңнамалық актілердің, Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі Басшылығының және Үкіметтің, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігі мен әкімінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өзге де тапсырмаларының уақтылы әрі сапалы орындалуына жалпы басшылықты және бақылау жасауды жүзеге асырады;
2) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі аппаратының басшысы заңнамалық актілердің, Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі Басшылығының және Үкіметтің, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігі мен әкімінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
3) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің орынбасарлары жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша заңнамалық актілердің, Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі Басшылығының және Үкіметтің, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігі мен әкімінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Көрсетілген лауазымды адамдар аталған құжаттардың уақтылы әрі сапалы орындалуы үшін дербес жауапты болады.»;
мынадай мазмұндағы 37-1, 37-2 және 37-3-тармақтармен толықтырылсын:
«37-1. Бақылау түрлері бойынша тапсырмаларды орындау мерзімдерін облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі және оның орынбасарлары, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі аппаратының басшысы белгілейді.
37-2. Тапсырмаларды орындаудың актілер мен тапсырмаларда белгіленген мерзімдері олар ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына түскен күнінен бастап жұмыс күндерімен есептеледі.
Өздеріне тапсырма берілген, өкілдері отырысқа (кеңеске) қатысқан ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өздеріне отырыс (кеңес) хаттамасының немесе облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің және әкімдігінің қол қойылған тапсырмасының түскенін күтпей, отырыстан (кеңестен) кейін бірден тапсырманы орындауға кірісуге міндетті.
37-3. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) басшылығының актілері мен тапсырмаларын орындау оларда көрсетілген мерзімдерде қамтамасыз етіледі.
Егер «Бақылауға алынды» деген мөртаңбасы бар тапсырмалардың мерзімдері белгіленбеген жағдайда, онда олар облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің және оның орынбасарларының, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің аппараты басшысының атына ақпарат енгізе отырып, бір ай мерзімде орындалады.»;
38-тармақтағы «екі реттен» деген сөздер «бір реттен» деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 25 маусымдағы
№ 641 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі) жобасының атауы ___________
_________________________________________________________________________________________________________________________
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы ____________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________________________
Алынған күн Мемлекеттік органдар, басшылар Нақты кіммен келісілді (Т.А.Ә.) Келісу нәтижелері (қолы, күні) Қайтарылған күн
1 2 3 4 5
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының
(Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің)
жобасына қоса берілетін құжаттардың
ТІЗБЕСІ
Р/с № Құжаттардың атауы Құжаттың нөмірі және күні Парақ саны
1. ҚР Үкіметі қаулысының (ҚР Премьер-Министрі өкімінің) жобасы    
2. Жобаға түсіндірме жазба    
3. Жіберу көрсеткіші    
4. Мемлекеттік органдардың қорытындылары, анықтамалары, ескертулері    
5. Қол қойылған ҚР Үкіметі қаулысының (ҚР Премьер-Министрі өкімінің) көшірмесі    
6. Мемлекеттік орган басшысының міндеттерін уақытша жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесі    
7.      
8.      
9.      
Үкіметтік шешімдерді шығару секторына қол қойылғаннан кейін барлығы_____________________________________________ құжат келіп түсті, оларда______________________ парақ.
Полная версия
ИС BestProfi