Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Сақтандыру ұйымы не тәуелсіз сарапшы зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша жүзеге асыратын сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын сақтандыру ұйымы шығыстарының жол берілетін деңгейін, зейнетақы аннуитеті үлгі шартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 242 қаулысы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 12 қазанда № 8814 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 жылғы № 194 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Сақтандыру ұйымы не тәуелсіз сарапшы зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша жүзеге асыратын сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесі, осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
1) жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын сақтандыру ұйымы шығыстарының жол берілетін деңгейі, осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;
2) Зейнетақы аннуитеті үлгі шарты, осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 242 қаулысына
1-қосымша
Сақтандыру ұйымы не тәуелсіз сарапшы зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша жүзеге асыратын сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесі
1. Сақтандыру ұйымы не тәуелсіз сарапшы зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша жүзеге асыратын сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 2013 жылғы 21 маусымдағы және «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және сақтандыру ұйымы не тәуелсіз сарапшы зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша жүзеге асыратын сақтандыру сыйлықақысының және сақтандыру төлемінің есебіне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Әдістеменің мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) біржолғы сақтандыру төлемі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 63-бабында белгіленген мөлшерде бірінші мерзімдік сақтандыру төлемімен бірге бірыңғай төлем ретінде жүзеге асырылатын төлем;
2) зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі – талап етілетін, айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасаған күнінде қолданыстағы ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін талап етілетін, шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі кезеңге жеткілікті зейнетақы жинақтарының сомасы.
Айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасаған күні қолданыста болған тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерiнен кем емес алынады;
3) кепілдік берілген сақтандыру төлемдері – сақтанушыға не оның мирасқорларына шартта белгіленген уақыт кезеңі ішінде сақтанушының өмір сүруіне қарамастан жасалатын мерзімдік сақтандыру төлемдері;
4) қор (қорлар) – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры);
5) сақтандыру сыйлықақысы – сақтанушы зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін өзінің таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымына жіберген зейнетақы жинақтары және (немесе) ақша;
6) сақтандыру ұйымы – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның «өмірді сақтандыру» саласында «аннуитеттік сақтандыру» сыныбы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға;
Полная версия
ИС BestProfi