Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023
Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы
Қазақстан Республиксы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 194 қаулысы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 қарашада № 12318 болып тіркелді
Осы Қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 жылғы № 45 Қаулысына сәйкес 
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 жылғы № 44 Қаулысына сәйкес (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2017 жылдан бастап)
Редакция 25.03.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 жылғы № 4 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шарты бекітілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесі белгіленсін.
3. Мыналар:
3-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 жылғы № 44 Қаулысымен (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2017 жылдан бастап)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 204 Қаулысына сәйкес (30.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес (12.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 жылғы № 4 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1)  сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын шығыстарының жол берілетін деңгейі сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің 1,5 (бір жарым) пайызынан және әрбір сақтандыру төлемінің 3 (үш) пайызынан аспайтын мөлшерде;
2) сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесі кемінде 7 (жеті) пайыз мөлшерде белгіленсін.
4. «Сақтандыру ұйымы не тәуелсіз сарапшы зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша жүзеге асыратын сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын сақтандыру ұйымы шығыстарының жол берілетін деңгейін, зейнетақы аннуитеті үлгі шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 242 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 8814 тіркелген, 2013 жылғы 26 қарашада «Заң газеті» газетінде № 178 (2379) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
6. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
8. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2015 жылғы 20 қазандағы
 № 194 қаулысына
 1-қосымша
Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шарты
Үлгілік шарт өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 жылғы № 44 Қаулысына сәйкес (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2017 жылдан бастап)
Үлгілік шарт өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 204 Қаулысымен (30.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Үлгілік шарт өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 жылғы № 157 Қаулысымен (27.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Үлгілік шарт өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 жылғы № 5 Қаулысымен (12.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Үлгілік шарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 жылғы № 74 Қаулысына сәйкес (26.01.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шарты
Полная версия
ИС BestProfi