Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.08.2015
Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану ережесiн, Геодезиялық пункттерді қорғау туралы ереженi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 маусымдағы N 593 қаулысы
Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.12.2012 № 1730 (23.06.2003 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 542 Қаулысына сәйкес 
«Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.12.2014 жылғы № 164 Бұйрығын қараңыз
Редакция 28.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Геодезия және картография туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.12.2012 № 1730 Қаулысымен; (23.06.2003 жылғы редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану ережесi; 
3) Геодезиялық пункттердi қорғау туралы ереже бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.12.2012 № 1730 Қаулысымен (23.06.2003 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң
 2003 жылғы 23 маусымдағы
 N 593 қаулысымен
 бекітілген
Геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру ережесi
Ереже алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.12.2012 № 1730 Қаулысымен (23.06.2003 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң
 2003 жылғы 23 маусымдағы
 N 593 қаулысымен
 бекітiлген
Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану ережесi 
Осы Ереже Қазақстан Республикасының " Геодезия және картография туралы " 2002 жылғы 3 шiлдедегi және " Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы " 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының (бұдан әрі - Қор) құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану тәртiбiн анықтайды.
1. Қор геодезиялық және картографиялық қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған және жалпымемлекеттiк, салааралық арнаулы және (немесе) салалық маңызы бар геодезиялық, картографиялық, топографиялық, гидрографиялық, аэроғарыштық түсiрiлiм, гравиметриялық материалдар мен деректердiң (бұдан әрi - материалдар мен деректер) жиынтығын бiлдiредi.
2. Қордың графикалық, сандық, электрондық, фотосуреттiк, қағаз және өзге де нысандар мен түрлердегi материалдары мен деректерi орталықтандырылған мемлекеттiк есепке алуға, сақтауға және пайдалануға жатады. 
Қорға осы Ережеге қосымшаға сәйкес Тiзбе бойынша материалдар мен деректер енгiзiледi.
3. Қордың құжаттары мемлекеттiк меншiкте болады және оларды мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру, сатып алу-сату, айырбастау немесе сыйға тарту объектiсi етуге, сондай-ақ басқа мемлекетке тұрақты сақтауға әкетуге болмайды.
2. Қор құжаттарын қалыптастыру және жинау 
4. Қорды қалыптастырудың негiзi геодезиялық және картографиялық қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде құрылған материалдар мен деректер болып табылады.
5. Қордың құжаттары ауқымы мен оларды сақтау мерзiмдерiн ескере отырып, геодезиялық және картографиялық қызметтiң бағыттары бойынша қалыптасады. 
Қордың құжаттарын пайдалану қолайлы болу үшiн материалдарды орналастыру сызбасы берiлетiн көрсеткiштер жасалған.
6. Геодезиялық және картографиялық қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өздерi жасаған Қорға енгiзiлуге жататын геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректер көшiрмелерiнiң бiр данасын авторлық құқықтарын сақтай отырып тегін бередi. 
Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерi бар материалдар мен деректер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қорға берiледi.
7. Материалдар мен деректердi Қордың құрамына жатқызу, материалдар мен деректердi сақтауға iрiктеу, сондай-ақ сақтау мерзiмдерi өткендерiн жою құжаттардың құндылығын мемлекеттiк сараптау негiзiнде жүргiзiледi.
8. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк сараптама-тексеру комиссиясын құрайды және ол туралы ереженi бекiтедi.
9. Сараптама-тексеру комиссиясының қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi орган материалдар мен деректердi қалыптастыру және толықтыру көздерiнiң тiзiмдерiн бекiтедi, оларды Қордың құрамына жатқызу туралы, сондай-ақ оның құрамынан шығару туралы шешiмдер қабылдайды.
10. Қордың материалдары мен деректерi осы мақсатқа арнайы арналған үй-жайларда (қоймаларда) сақталады.
11. Қордың материалдары мен деректерi жұмыс түрлерi бойынша топтастырылады, жүйелендiрiледi, есепке алынады, орналастырылады және сақталады.
12. Қордың материалдары мен деректерi мемлекеттiк органдарды, жеке және заңды тұлғаларды геодезиялық және картографиялық өнiммен және ақпаратпен қамтамасыз ету үшiн пайдаланылады.
13. Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiнiң өтiнiмдерi бойынша материалдар мен геодезиялық деректерін, оның ішінде «қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар немесе олардың көшірмелерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры бередi.
13-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.12.2012 № 1730 (23.06.2003 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
14. Қордың материалдары мен деректерiн пайдаланып болғаннан кейiн олар бiр ай iшiнде қайтарылуға тиiс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық
 картографиялық-геодезиялық
 қорының құжаттарын қалыптастыру,
 жинау, сақтау және пайдалану
 ережесiне қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құрамына енгiзiлетiн материалдар мен деректердiң Тізбесі 
1. Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауға арналған техникалық жобалар. 
2. Мемлекеттiк нивелирлiк желiлердi, барлық сыныптар мен разрядтардағы геодезиялық желiлердi, гравиметриялық iргелi және бiрiншi сыныпты желiлердi жасау, дамыту және жұмыс iстеу жағдайында ұстап тұру жөнiндегi техникалық есептер, координаттар мен биiктiктердiң каталогтары және басқа да материалдар мен деректер. 
3. Геодезиялық және картографиялық қызметтi қамтамасыз ету мақсатында Жердi қашықтықтан зондылаудың бастапқы және туынды материалдары мен деректерi (аэрофототүсiрiлiмдер мен ғарыштық түсiрiлiмдер), аэрофототүсiрiлiмдердiң паспорттары, арнайы аспаптардың деректерi, түсiрiлiмдердi картографиялық байланыстырудың сызбалары. 
4. Геодезиялық, гравиметриялық, ғарыштық өлшемдер базасында геодинамикалық зерттеулердiң материалдары мен деректерi. 
5. Жергiлiктi жердiң, оның iшiнде теңiздер, көлдер, өзендер мен су қоймалары қайраңдарының топографиялық түсiрiлiмдер бойынша техникалық есептерi (ауқымы 1: 2 000 және кiшi). 
6. Мемлекеттiк топографиялық карталардың, оның iшiнде теңiздер, көлдер, өзендер, су қоймалары қайраңдарының карталарының, қалалар мен елдi мекендердiң жоспарларының (ауқымы 1: 2 000 және кiшi) графикалық, сандық, фотосуреттiк, электрондық нысандардағы түпнұсқалары мен көшiрмелерi, сондай-ақ көрсетiлген карталар мен жоспарлардың таралымдық бедерлемелерi. 
7. Жалпымемлекеттiк және салааралық мақсаттағы жалпыгеографиялық, саяси-әкiмшiлiк, ғылыми-әкiмшiлiк, ғылыми-анықтама және басқа да тақырыптық карталар мен атластардың, оқу картографиялық құралдардың түпнұсқалары, туынды өнiм жасау үшiн негiз болып табылатын картографиялық материалдардың таралымдық бедерлемелерi. 
8. Құжаттамасы бар кезекшi (анықтама) топографиялық карталар, оның iшiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы мен әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң шекараларын және шетел мемлекеттерiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдар. 
9. Географиялық атаулардың мемлекеттiк каталогы және олардың негiзгi материалдары, Қазақстан Республикасының, шетел мемлекеттерiнiң аумақтарындағы, материктер мен мұхиттардағы географиялық объектiлер атауларының сөздiктерi мен анықтамалары. 
10. Геодезиялық және картографиялық қызмет, мұрағат iсi, құпиялылық режимi саласындағы нормативтiк-техникалық құжаттар.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
 2003 жылғы 23 маусымдағы
 N 593 қаулысымен
 бекiтiлген
1. Осы Ереже "Геодезия және картография туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және геодезиялық пункттердi қорғауды қамтамасыз ету тәртiбiн анықтайды.
2. Мемлекеттiк геодезиялық желiнiң геодезиялық пункттерi (астрономиялық-геодезиялық, геодезиялық, нивелирлiк және гравиметриялық пункттер, жер бетiндегi белгiлер мен осы пункттердiң орталығы), сондай-ақ арнайы геодезиялық желiлер пункттерi (орталықтар, бақылау таңбалары, сыртқы белгiлер, бағдарлық пункттер) мемлекеттiк меншiк болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
3. Геодезиялық пункттердi есепке алу мен олардың сақталуының қамтамасыз етiлуiн бақылауды геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.12.2012 № 1730 (23.06.2003 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4. Геодезиялық пункт орталықтан, сыртқы белгiден және геодезиялық белгiнiң шекарасы болып табылатын жыра немесе бел түрiндегi сыртқы безендiруден тұрады. 
Геодезиялық пункттiң сыртқы безендiруi болмаған жағдайда сыртқы белгiнiң негізі оның шекарасы болып табылады. 
Арнайы орталықтары ғимараттар мен басқа да құрылыстардың қабырғаларына салынған геодезиялық пункттер үшiн пункттердiң шекаралары мен қорғау аймақтары белгiленбейдi. 
Бұл жағдайда қабырғалық марка немесе қабырғалық репер қорғалуға тиiс.
5. Геодезиялық пункт орналасқан жер учаскесi, геодезиялық белгiнiң шекарасы және оларды бойлай жағаланған енi 1 метр жер жолағы геодезиялық пункттi қорғау аймағы болып табылады.
6. Геодезиялық-пункттердiң сақталуын қадағалауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
7. Уәкiлеттi органның рұқсатынсыз геодезиялық пункттердi қорғау аймағының шегiнде геодезиялық пункттердi бүлдiруге немесе жоюға әкеп соғатын немесе геодезиялық өлшемдер жүргiзу кезiнде қиындықтар туғызатын жұмыстарды орындауға тыйым салынады.
8. Аумағында геодезиялық пункттер орналасқан жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жердi пайдаланушылар геодезиялық пункттердiң бүлiнуiнiң немесе жойылуының барлық жағдайлары туралы уәкілеттi органға хабарлауға мiндетті.
9. Геодезиялық пункттердiң бүлiнгендiгi немесе жойылғандығы туралы ақпарат келiп түскен жағдайда уәкiлеттi орган осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша бүлiнген немесе жойылған геодезиялық пункттерге акт жасайды.
10. Геодезиялық пункттердi бұзу немесе қайта салу (көшiру) уәкiлеттi органның рұқсатымен жүргiзiледi.
11. Геодезиялық пункттердiң бүлiнуiне немесе жойылуына (бұзу) әкеп соғуы мүмкiн құрылыс жұмыстарын жүргiзген, карьерлердi өндiрген, құрылыстарды салған немесе бұзған және басқа да жұмыстарды жүргiзген жағдайда, осындай жұмыстарды жүргiзетін адамдар геодезиялық пункттердi көшiру немесе бұзу мүмкiндiгi туралы уәкiлеттi органға алдын ала сұрау салады.
12. Уәкiлеттi орган әрбiр нақты жағдайда геодезиялық пункттердiң тығыздығын, қолда бар геодезиялық желiлердi дамыту және жаңарту перспективаларын ескере отырып, геодезиялық пункттердi көшiрудiң қажеттiгi немесе бұзудың мүмкiндiгi туралы мәселенi шешедi және телiмiнде көшiрiлетiн немесе бұзылатын геодезиялық пункттер орналасқан мүдделi ұйымдарды, жердi пайдаланушыларды және жер телiмдерiнiң меншiк иелерiн қабылданған шешiм туралы жазбаша түрде хабардар етедi.
13. Геодезиялық пункттерді жүйелi түрде зерттеудi және қалпына келтiрудi, ал қажет болған кезде толық қалпына келтiрудi: 
қалған жерлерде - келiсiлген жоспарлар бойынша уәкiлеттi орган мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi жүзеге асырады.
14. Геодезиялық пункттердi жою немесе бүлдiру және олар дайындаған материалдарды тонау Қазақстан Республикасының заңнамалық   кесiмдерiне   сәйкес жауапкершiлiк жүктейдi.
Геодезиялық пункттердi қорғау
 туралы ережесiне қосымша
Геодезиялық пункттiң бүлiнуi (жойылуы) туралы 
 Aкт 
      Бiз төмендегi қол қоюшылар _________________________________ 
   әкесiнiң аты, лауазымы, мекеменiң атауы) 
геодезиялық пункттiң бүлiнуi (жойылу) туралы осы актiнi жасадық
 ____________________________________________________ орналасқан
       (сақталуын қадағалау үшiн пункттi беру актiсiне сәйкес)
20__ ж. "___" __________ акт бойынша сақталуын бақылау үшiн қабылданған
Қараған кезде анықталады _________________________________________ 
(орталықтық жай-күйiн, сыртқы белгiсi, __________________________________________________________________
бағдарлы пункттер және сыртқы ресiмделуi, пункттiң бұзылуына 
немесе жойылуына әкеп соқтырған себептер, сондай-ақ кiнәлi 
Полная версия
ИС BestProfi