Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 04.05.2016
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 ақпандағы № 106 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 4 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 15.04.2016 жылғы № 224 Қаулысына сәйкес
1. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 12, 111-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесi осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 қаулысымен бекітілген
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидасы 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 135-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы облыс мәслихатының шешімімен бекітілген қаражат есебінен және шегінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі – су пайдаланушы) суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын жергілікті бюджеттен субсидиялау тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) су беруші – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беруді жүзеге асыратын және су шаруашылығы жүйелерінің қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
2) су пайдаланушы – өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
3) суармалы суды беру жөніндегі қызметтер – су көздерінен (өзен, су қоймасы, арна және тағы басқа) су алу арқылы су пайдаланушыға суды жеткізу, су тартқыштар бойынша (арна, құбыржолдар) тасымалдау және бөлу, су пайдаланушылардың су бөлу орындарына жеткізу;
4) су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативі (САТК) – ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшін гидротехникалық құрылыстарды, құрылғыларды және жабдықтарды бірлесіп басқару үшін мүшелік негізінде жүктелген аумақта жер учаскелерін иеленуші (пайдаланушы) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі;
5) ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) – суармалы суды беру жөніндегі қызметтер құнының бір бөлігін жергілікті бюджеттен субсидиялауға жататын су пайдаланушылар тізімін, және су пайдаланушылар бойынша субсидия сомаларын қарау және оларды бекіту жөнінде ұсыныстар енгізу үшін аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия.
3. Субсидиялар су пайдаланудың бекітілген лимиті шегінде ауыл шаруашылығы дақылдарын суармалы суды беру жөнінде алынған қызметтер үшін су пайдаланушылардың шығындарын iшiнара өтеуге (көрсетілген қызметтердің құнын арзандатуға) арналады.
4. ВАК өз қызметінде әкім бекіткен ережені, жұмыс регламентін, суармалы суды беру жөніндегі қызметтер құнының бір бөлігі субсидияланатын су пайдаланушыларды таңдау өлшемдерін басшылыққа алады.
ВАК төрағалық ететін аудан әкімінің орынбасары және қатысушылар – жергілікті атқарушы органдардың, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органның мамандары, қоғамдық ұйымдардың, су пайдаланушылар қауымдастықтарының өкілдері және басқалар құрамында құрылады.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.
Полная версия