"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 22) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015
Кеме құжаттарының тiзбесiн, Кеме құжаттарын жүргiзу қағидаларын және кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 856 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1316 Қаулысымен (26.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 623 Қаулысына сәйкес «Кеме құжаттарының тізбесін, Кеме құжаттарын жүргізу қағидаларын және Кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.02.2015 жылғы № 163 Бұйрығын қараңыз
Редакция 04.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiліп отырған:
2) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз);
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1316 Қаулысымен (26.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) Кеме құжаттарын жүргiзу қағидалары және кеме құжаттарына қойылатын талаптар бекітілсін.
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1316 Қаулысымен (26.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 26 шілдедегі № 856 қаулысымен бекiтiлген
Кеме құжаттарын жүргiзу қағидалары және кеме құжаттарына қойылатын талаптар
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1316 Қаулысымен (26.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кеме құжаттарын жүргiзу қағидалары және кеме құжаттарына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағида) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы астында жүзетiн кемелердегi кеме құжаттарын жүргiзу және кеме құжаттарына қойылатын талаптардың тәртiбiн айқындайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1316 Қаулысымен (26.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Кеме құжаттарындағы барлық жазбалар мемлекеттiк немесе орыс немесе ағылшын тiлдерінде жүргiзiледi.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзетін кемеде осы қаулымен бекітілген кеме құжаттарының тізбесіне сәйкес кеме құжаттары болады.
2. Кеме журналын жүргізу тәртiбi
3. Осы Кеме журналын жүргізу тәртiбi 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген (СОЛАС 74/78) Теңiзде адам өмiрiн қорғау туралы 1974 жылғы халықаралық конвенцияға және "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген.
4. Кеме журналы кеме құжаты болып табылады, онда кеменің үздіксіз өміршеңдігі көрсетіледі.
5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз).
5-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1316 Қаулысымен (26.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз).
6-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1316 Қаулысымен (26.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия