Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2015
Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 8 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 532 Қаулысына сәйкес
«Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы»
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 26.03.2015 жылғы № 165 Бұйрығын қараңыз
Редакция 04.04.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 23, 24-баптарына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты;
2) халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты;
3) халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты;
4) халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.02.2011 № 214 Қаулысымен.(01.01.2012 бастап қолданысқа енгізілетін Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарын, Алматы, Астана қалаларын қоспағанда, 01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                               К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 1222 қаулысымен
бекітілген
Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы » 2005 жылғы 13 сәуірдегі және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы » 2008 жылғы 29 желтоқсандағы заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Осы стандарт стационарлық жағдайда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруға арналған, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің көлемін және шарттарына және тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді, медициналық-әлеуметтік ұйымдар қызметінің тәртібін, медициналық-әлеуметтік ұйымдарға:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларды (бұдан әрі – балалар);
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларды (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерді (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектерді (бұдан әрі – мүгедектер), егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдарды (бұдан әрі – қарттар) қабылдау, ұстау, шығару (шығарып жіберу), уақытша шығу және ауыстыру шарттарын айқындайды.
Жоғарыда аталған санаттар бірлесіп қызмет алушылар болып аталады.
Полная версия
ИС BestProfi