Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 26-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2016
Мемлекеттік орман иеленушілердің орманды шолып, тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1401 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 24 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2016 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес «Мемлекеттік орман иеленушілердің орманды шолып, тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.10.2015 жылғы 18-02/924 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман иеленушілердің орманды шолып, тексеру жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1401 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік орман иеленушілердің орманды шолып, тексеру жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік орман иеленушілердің орманды шолып, тексеру жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 26-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Орманды шолып, тексеру жүргізу мерзімдері мен мақсаттарына қарай жоспарлы, жоспардан тыс және бақылама тексеру болып бөлінеді.
2. Орманды шолып тексеру жүргізу тәртібі
3. Орманды шолып, тексеру жүргізуді мемлекеттік орман иеленушілер ұйымдастырады және өткізеді. Оны өткізу үшін мемлекеттік орман иеленуші ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен құрамында екі және одан көп адам болатын комиссия құрылады және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орманды шолып, тексеру жүргізу кестесі бекітіледі.
4. Орманды шолып, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде комиссиялар құрамына: орман шаруашылығының барлық санаттағы орман шеберлері, орманшылардың көмекшілері, орманшылар, инженерлер, ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану мәселелерімен айналысатын мемлекеттік орман иеленушілердің мемлекеттік инспекторлары мен басқа да қызметкерлері енгізіледі.
5. Орманды шолып, тексеру жүргізу орманды шолу бекітіп берілген мемлекеттік орман иеленуші ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен орман күтушінің қатысуымен өткізіледі.
6. Жоспарлы тексерулер барлық орман айналымдарында жылына екі рет өткізіледі:
1) көктемде - қар қабаты кеткеннен кейін, тексеру 1 маусымға дейін аяқталады;
2) күзде - қар жауғанға дейін, тексеру 1 қарашаға дейін аяқталады.
7. Жоспардан тыс тексерулер бір орманшыдан екінші орманшыға орман айналымдарында:
1) жұмыстан шығуына, басқа жұмысқа ауысуына, ауырып қалуы себепті жұмыста болмауына, демалысқа шығуына, іссаппарда және оқуда болуына;
Полная версия