«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 348, 361 және 373-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 15.07.2018
Тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысанын және оны беру, оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, сондай-ақ оны кері қайтарып алу (жою) қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 73 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 15 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 28.06.2018 жылғы № 392 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған:
1) тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысаны;
2) Тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру, оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, сондай-ақ оны кері қайтарып алу (жою) қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 73 қаулысымен бекітілген
Нысан
Тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжат
1. | Құжат берілген тұлға туралы мәлімет (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, СТН (заңды тұлға үшін), ЖСН, СТН (жеке тұлға үшін), банк деректемелері* | |
2. | Қайта өңдеу жөніндегі операцияларды тікелей жасайтын тұлға туралы мәлімет (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, СТН (заңды тұлға үшін), ЖСН, СТН (жеке тұлға үшін), банк деректемелері* | |
3. | Тауардың атауы | |
4. | КО СЭҚ ТН бойынша коды, олардың мөлшері және құны | |
5. | Сыртқы экономикалық мәміленің жасалғандығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер, оған немесе тұлғаның ниетін растайтын өзге құжатқа қосымшалар және (немесе) толықтырулар | |
6. | Қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормалары | |
7. | Тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар, оларды жасау тәсілдері | |
8. | Тауарларды сәйкестендіру тәсілдері | |
9. | Қайта өңдеу өнімінің (өнімдерінің) атауы | |
10. | КО СЭҚ ТН бойынша коды, олардың мөлшері және құны | |
11. | КО СЭҚ ТН-ға сәйкес қалдықтар мен артық қалдықтардың атауы және сыныпталуы, олардың мөлшері және құны | |
12. | Тауарларды қайта өңдеу мерзімі | |
13 | Балама/шетелдік тауарлармен алмастыру (егер мұндай алмастыру болжамданса)** | |
14. | Қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі | |
15. | Кеден органдары (тауарларды қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру және осы кедендік рәсімдерді аяқтау болжанатын) | |
16. | Енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар | |
17. | Ерекше белгілер |
Басшы ____________ _____________________________
(қолы) (аты-жөні)
Мөрдің орны
20 ж. « »
Ескертпе:
* деректер (мәліметтер) болған кезде толтырылады.
** егер тұлғаға ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды декларациялау үшін берілетін болса толтырылмайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 73 қаулысымен бекітілген
Полная версия