Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.05.2014
Конкурстық басқарушының қорытынды есебінің нысанын және оны келісу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы N 398 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 29 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5293 болып енгізілді.
Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 21 шілдеден бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 15.05.2014 жылғы № 224 Бұйрығына сәйкес
Редакция 13.01.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 12) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 
1) конкурстық басқарушының қорытынды есебінің нысаны;
2) конкурстық басқарушының қорытынды есебін келісу ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 9 тамызда N 1944 тіркелген "Банкроттық рәсімдеріне және борышкерді соттан тыс тарату конкурстық басқарушының қорытынды есебін келісу туралы ереже" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының 2002 ж. 11 шілдедегі N 70 бұйрығы;
2) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 31 наурызда N 4165 тіркелген "Банкроттық рәсімдеріне және борышкерді соттан тыс тарату конкурстық басқарушының қорытынды есебін келісу туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті Төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 70 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 16 бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (С.М. Бекбосынов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 12 тамыздағы
N 398 бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Нысан өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.12.2010 жылғы № 663 Бұйрығымен (12.08.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.03.2011 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Нысан өзгертілді ҚР Премьер-Минстрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 13.01.2014 жылғы № 3 Бұйрығымен (28.12.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.02.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Конкурстық басқарушының қорытынды есебі
 ___________________________________________________________________________________________________________
 ___________________________________________________________________________________________________________
 (банкроттың ұйымдастыру-құқықтық нысанын көрсете отырып толық және қысқаша атауы/Т.А.Ә. (құрылтай құжаттарына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде), жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН))
Полная версия
ИС BestProfi