Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.11.2020
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізу қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 6 қарашадағы N 660 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5906 болып енгізілді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 23.04.2015 жылғы № 258 Бұйрығына сәйкес (02.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.06.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 3 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 14.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ-130/2020 Бұйрығына сәйкес
Редакция 05.06.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізу қағидалары бекiтiлсiн.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 23.04.2015 жылғы № 258 Бұйрығына сәйкес (02.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.06.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
6. Осы бұйрық оның бірінші ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2009 жылғы 6 қарашадағы
№ 660 бұйрығына
1-қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізу қағидалары
Ереже өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.07.2014 жылғы № 369 Бұйрығымен (06.11.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 23.04.2015 жылғы № 258 Бұйрығына сәйкес (02.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.06.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-52/2020 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті деңгейлерде өткізілетін денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды (бұдан әрі – аттестаттау) өткізу тәртібін айқындайды.
2. Аттестаттау Кодекстің 6-тармағында белгіленген кезеңде, Кодекстің 15-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарымен өткізіледі.
3. Аттестаттауға мынадай адамдар жатады:
1) азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органымен (бұдан әрі – уәкілетті орган) өткізілетін республикалық деңгейде:
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары басшылары және олардың орынбасарлары;
уәкілетті органға ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары және олардың орынбасарлары, филиалдардың басшылары.
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен өткізілетін (бұдан әрі – денсаулық сақтау басқармалары) жергілікті деңгейде:
Полная версия
ИС BestProfi