Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.08.2013
Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы N 16 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 18 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6061 болып енгізілді
Редакция 31.03.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің233-бабына және 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 37-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Н.Р. Аршабеков) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Н.Б. Қалабаев) педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуге уақытылы дайындалуы үшін пайдаланылған әдебиеттерді көрсете отырып тест тапсырмаларының және сұрақ-тапсырмалардың дайындығын қамтамасыз етсін.
4. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Н.Р. Аршабеков), Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) аталған бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалалық білім департаменттерінің, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін.
5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 9 сәуірдегі № 181 бұйрығының (№ 5215 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2008 жылғы № 155 «Юридическая газета» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
7. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2010 жылғы 22 қаңтардағы
 № 16 бұйрығымен бекітілген
Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі
1. Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 233-бабына және 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 37-тармағына сәйкес әзірленген және меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттау тәртібін айқындайды.
2. Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың негізгі мақсаттары:
1) тиісті санатты белгілеу және растау үшін педагог қызметкер құзыреттілігінің біліктілік талаптарына сәйкестік деңгейін анықтау;
2) тұлғалық жетістіктерді жобалау үшін педагог қызметкер қызметінің уәждемелік саласын кеңейту.
3. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) педагог қызметкерлерді аттестаттау - педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
Полная версия
ИС BestProfi