Близость слов: Окончание:





"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы N 26 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6167 болып енгізілді
Редакция 26.12.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 жылғы № 261 Қаулысымен (08.08.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 жылғы № 128 Қаулысымен (17.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 жылғы № 198 Қаулысымен (17.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 жылғы № 73 Қаулысына сәйкес (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4-тармақша күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 жылғы № 305 Қаулысымен (28.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.03.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 жылғы № 183 Қаулысымен (29.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)
6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесі қабылдайтын шешімдерді келісу ережесі.
2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, осы қаулы, ол бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымның орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Полная версия
ИС BestProfi