Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.03.2017
Қазақстан Республикасы Қаржы
 нарығын және қаржы ұйымдарын
 реттеу мен қадағалау агенттігі
 Басқармасының 2010 жылғы
 1 наурыздағы № 26 қаулысына
 4-қосымша
4-қосымша өзгертілді ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 24.02.2012 № 94 (01.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
4-қосымша өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 жылғы № 261 Қаулысымен (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.02.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.06.2015 жылғы № 102 Қаулысына сәйкес (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.08.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 жылғы № 73 Қаулысына сәйкес (17.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4-қосымша күшін жойды 2017 жылғы 21 наурыздан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 жылғы № 305 Қаулысына сәйкес
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі
Редакция 29.02.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі (бұдан әрі - Қағидалар) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 шілдедегі (бұдан әрі - Заң), «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы (бұдан әрі - Акционерлік қоғамдар туралы заң), «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы (бұдан әрі - Бухгалтерлiк есеп туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру тәртібін және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін көздейді.
2. Уәкілетті орган Заңның 4-1-бабында, Акционерлік қоғамдар туралы заңның 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, Бухгалтерлiк есеп туралы заңның 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін Қордың басшы қызметкерінің лауазымына кандидатты сайлауға (тағайындауға) келісім береді.
3. Уәкілетті органмен келісілуі тиіс Қордың басшы қызметкерлерінің тізбесі Заңның 4-1-бабының 1-тармағында айқындалады.
4. Заңның 4-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес кандидатты Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлау (тағайындау) үшін қажетті еңбек өтіліне кандидаттың қаржылық қызмет көрсету және (немесе) реттеу және (немесе) бақылау иен қадағалау саласында және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүзеге асыратын ұйымдарда және (немесе) кандидаттың мынадай халықаралық қаржы ұйымдарында істеген жұмысы кіреді:
7) Халықаралық қайта құру және даму банкі;
9) Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық;
10) Көп салалы инвестицияларға кепілдік беру агенттігі. 
5. Мыналар уәкілетті органмен келісуге жатпайды:
1) Қордың басқару органдары құрамына кіретін уәкілетті органның өкілі;
2) Қордың уәкілетті органының шешімімен жаңа мерзімге тағайындалған (сайланған) Қордың басшы қызметкері, осы кандидаттың бұрын уәкілетті органмен тиісті лауазымға келісілген болуы не келісілген лауазымнан төменде тұрған лауазымға Қордың бір органының аясында ауысуы, сондай-ақ осы кандидаттың Заңның 4-1-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келу талабымен.
Полная версия
ИС BestProfi