Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.05.2014
Электрондық мемлекеттiк қызмет регламенттерін бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 223-ОД Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 желтоқсанда № 8215 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 19 шілдеден бастап ҚР Өңірлік даму министрінің 16.05.2014 жылғы № 138/НҚ Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Ақпараттандыру туралы» Заңының 29-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Жер учаскесіне құқықтың алғаш берілуінің құқық белгілеуші құжаты туралы ақпарат беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау және мемлекеттік жер кадастры және жер мониторингі департаменті:
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі
________________А. Жұмағалиев
2012 жыл 4 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
 Жер ресурстарын басқару
 агенттігі төрағасының
 2012 жылғы 4 желтоқсандағы
 № 223-ОД бұйрығына
 1-қосымша
«Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» электрондық мемлекеттік қызметін көрсету регламенті
1. «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» электрондық мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - қызмет) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен (бұдан әрі – қызмет беруші), «электронды үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП), сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі –орталық) арқылы көрсетіледі.
2. Қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысымен бекітілген «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі.
3. Қызметті автоматтандыру дәрежесі: толық автоматтандырылған.
4. Қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.
Полная версия
ИС BestProfi