«Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 2-тармағына сәйкес және «Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгi регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 қаулысын жүзеге асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 18.03.2014
"Фильмге прокаттау куәлігін беру" электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 208 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8268 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 08.05.2014 жылдан бастап ҚР Мәдениет министрлігінің 18.03.2014 жылғы № 1 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса берiлiп отырған «Фильмге прокаттау куәлігін беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өтуін және оның ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. «Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 143 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7928 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 20 қыркүйектегі № 689-693 (27765) жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Д. Мыңбай
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі _______________ А. Жұмағалиев 2012 жылғы « »
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 208 бұйрығымен бекітілген
«Фильмге прокаттау куәлігін беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Фильмге прокаттау куәлігін беру» электрондық мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - Қызмет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) мына мекенжайда көрсетеді: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, № 527-кабинет және мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz арқылы алуға болады.
2. Қызмет «Мәдениет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 83 қаулысымен бекітілген «Фильмге прокаттау куәлігін беру» стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
3. Электрондық мемлекеттік қызметті автоматтандыру дәрежесi: iшiнара автоматтандырылған.
4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрi: транзакциялық.
5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:
1) жеке сәйкестендiру нөмiрi – жеке тұлға, оның iшiнде жеке кәсiпкерлiк түрiнде өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр (бұдан әрi – ЖСН);
Полная версия