«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына сәйкес, сонымен қатар «Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентіне және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 05.02.2015
"Жолаушыларды тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 907 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8270 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 05.02.2015 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса берiлiп отырған «Жолаушыларды тасымалдау қызметiмен айналысу құқығына лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және оның МОИП-да орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 907 бұйрығымен бекітілген
«Жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметтің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – қызмет) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – қызмет беруші) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (бұдан әрі - Орталық), сондай-ақ www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - ЭҮП) көрсетеді.
2. Қызмет «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысымен бекітілген «Жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
3. Қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.
4. Қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.
5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар:
1) ақпараттық жүйе (бұдан әрі – АЖ) - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе);
3) «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ) – берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, қайта жаңартылған және қолданылуын тоқтатқан лицензиялар, сондай-ақ лицензиар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын лицензия қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;
Полная версия