Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.07.2023
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1560 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 31 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 603 Қаулысына сәйкес 
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшелік жарналардың мынадай шекті мөлшерлері бекітілсін:
1) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын, есепті күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылдағы жылдық жиынтық табысы алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын және бір жарым миллион еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік субъектілері үшін – есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын, есепті күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылдағы жылдық жиынтық табысы бір жарым миллион еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын кәсіпкерлік субъектілері үшін – есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына төрт мың төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Полная версия
ИС BestProfi