Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығы
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 27-1) тармақшасына және «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидалары ;
Алты ай ішінде тексеру жүргізіліп, осы тармақта көрсетілген тізбеге кірмейтін адамдарға бұрын берілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары алынсын.
2) «Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 150 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 460 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 9, 182-құжат).
Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау жәнс жою ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жоюдың осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді әрі Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою тәртібін айқындайды.
1) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты - өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасынан шыққан, одан тыс жерлерде тұрған кезде және Қазақстан Республикасына келген кезде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат;
2) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты - өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасынан шыққан және келген, одан тыс жерлерде тұрған кезде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын және оның иесінің ресми мәртебесін растайтын құжат.
3) уәкілетті адам - паспорт иесі немесе іссапарға жіберуші орган паспортты ресімдеу мен алу жөніндегі іс-қимылдарды жүзеге асыруға уәкілеттік берген осы органның қызметкері;