Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 34 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 751 Қаулысына сәйкес
«Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Әділет министрінің 30.04.2015 жылғы № 250 Бұйрығын қараңыз
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1) «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Қолжазбаны сақтауға, жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға тапсыру туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 қарашадағы № 1405 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 77-78, 1142-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 487 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 32, 495-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С. Ахметов
Полная версия
ИС BestProfi