«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 255 Қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысына сәйкес
2. «Қызметкердің міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы табысын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 849 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 693-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2014 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 255 қаулысымен бекітілген
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.12.2015 жылғы № 988 Қаулысымен (12.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.04.2016 жылғы № 215 Қаулысына сәйкес (10.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын қызметкер (бұдан әрі – қызметкер) – жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жұмысты еңбек шарты бойынша тікелей орындайтын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жеке тұлға;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.09.2017 жылғы № 603 Қаулысына сәйкес (14.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) зиянды еңбек жағдайлары – зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталатын еңбек жағдайлары;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.09.2017 жылғы № 603 Қаулысына сәйкес (14.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген қызметкерлердің пайдасы үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.09.2017 жылғы № 603 Қаулысына сәйкес (14.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт – төлеу жөніндегі агент (алушы) талаптарын ұсынылған шартқа тұтастай қосылу арқылы ғана қабылдай алатын қосылу шарты;
8) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент (бұдан әрі – агент) – еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің пайдасына өзінің меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жұмыс беруші;
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.09.2017 жылғы № 603 Қаулысына сәйкес (14.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау – өндірістік объектілерді (өндірістік қызметті жүзеге асыратын цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын, сондай-ақ жұмыс берушілердің бөлек тұрған өзге де бөлімшелерін) оларда орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндылығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет.
2. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру тәртібі
3. Агенттер меншікті қаражаты есебінен қызметкерлердің пайдасы үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асырады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.12.2015 жылғы № 988 Қаулысына сәйкес (12.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
4. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес белгіленеді.
5. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жүзеге асыру міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес жүргізіледі.
6. Шарт Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, агент және қызметкер арасында жасалады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.12.2015 жылғы № 988 Қаулысына сәйкес (12.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
7. Агенттер қызметкердің бір айда есептелген табыс сомасын негізге ала отырып, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын табыстардан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ай сайын жүзеге асырады.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.12.2015 жылғы № 988 Қаулысына сәйкес (12.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
8. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асырған кезде қызметкердің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – Салық кодексі) көзделген барлық ай сайынғы табыстары ескеріледі.
9. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асырған кезде:
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.12.2014 жылғы № 1310 Қаулысымен (26.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.12.2014 ж № 249 (28472) Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды 9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.12.2015 жылғы № 988 Қаулысымен (12.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап) 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.05.2018 жылғы № 239 Қаулысына сәйкес (29.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс және 01.01.2018 ж. бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) 11.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуге арналған шығыстар агенттің еңбекақы төлеу қорына жатқызылады.
10. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, оның ішінде берешекті аудару экономика секторларының кодтарын қолдану және төлемдерді тағайындау тәртібіне сәйкес айқындалатын төлемдерді тағайындау кодтары көрсетіле отырып, Мемлекеттік корпорацияның банк шотына жүргізіледі.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.04.2016 жылғы № 215 Қаулысына сәйкес (10.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)
11. Агент міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асырған кезде үш данада қағаз жеткізгіштегі төлем тапсырмасын және екі данада жеке тұлғалардың тізімін банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға ұсынады.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.12.2015 жылғы № 988 Қаулысына сәйкес (12.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
12. Жеке тұлғалардың тізімі әрбір жеке тұлға бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірін, тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде), туған күнін, жарна сомасын және ол үшін міндетті зейнетақы жарналары аударылатын кезеңді (айды, жылды) қамтуға тиіс.
13. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Мемлекеттік корпорацияға ақша аударуды Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінде қолданылатын форматтарға сәйкес жеке тұлғалардың тізімдерімен бірге электрондық төлем тапсырмаларымен жүргізеді.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.04.2016 жылғы № 215 Қаулысына сәйкес (10.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)
14. Агенттер төлейтін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес шегеруге жатады.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.12.2015 жылғы № 988 Қаулысына сәйкес (12.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
15. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару кезінде қателер анықталған жағдайда, агенттердің (алушылардың) іс-қимылы, сондай-ақ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы аудармаған кезде өсімпұлды төлеу және берешекті өндіру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.12.2015 жылғы № 988 Қаулысына сәйкес (12.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
16. Агенттер кәсіптері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысымен бекітілген тізбеде (бұдан әрі – тізбе) көзделген, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асырады.
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.12.2015 жылғы № 988 Қаулысына сәйкес (12.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап) 16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.09.2017 жылғы № 603 Қаулысына сәйкес (14.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
17. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары тізбеде көзделген еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда уақытша жұмыс істейтін ұйымдардың өндірістік, көмекші және қосалқы цехтарының қызметкерлеріне де төленеді.
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.09.2017 жылғы № 603 Қаулысына сәйкес (14.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
18. Кәсіптері мен лауазымдары Тізбенің «Жалпы кәсіптер» бөлімінде көзделген қызметкерлерге, егер бұл кәсіптер Тізбенің тиісті бөлімдерінде немесе кіші бөлімдерінде арнайы көзделмесе, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары олардың қандай өндірістерде немесе цехтарда жұмыс істейтініне қарамастан жүзеге асырылады.
19. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау және міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау нәтижелері бойынша айына жұмыс уақытының кемінде 80 % зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің кәсіптері анықталған жағдайда, жұмыс берушілер, қызметкерлердің өкілдері, мүдделі мемлекеттік органдар еңбек жөніндегі уәкілетті органға оларды тізбеге енгізу бойынша негізделген ұсыныстар енгізеді.
19-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.09.2017 жылғы № 603 Қаулысына сәйкес (14.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
20. Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелерімен расталған зиянды еңбек жағдайлары жойылған жағдайда, агенттер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асырмайды.
20-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.12.2015 жылғы № 988 Қаулысына сәйкес (12.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап) 20-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.09.2017 жылғы № 603 Қаулысына сәйкес (14.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Полная версия