Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 290 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 750 Қаулысына сәйкес
«Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 20.02.2015 жылғы № 118 Бұйрығын қараңыз
«Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов 
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 1 сәуірдегі
№ 290 қаулысымен
бекітілген
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған тарифті айқындау қағидалары
1. Осы Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған тарифті айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясын шартты тұтынушылар (бұдан әрі – шартты тұтынушылар) – көмірді, газды, мұнай өнімдері мен ядролық отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар; Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден электр энергиясын сатып алатын электр энергиясы нарығының субъектілері; жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциялары;
2) газ – шикі, тауарлық, сұйытылған мұнай газы және сұйытылған табиғи газ;
3) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу - қаржы орталығы (бұдан әрі – есеп айырысу-қаржы орталығы) – жүйелік оператор құратын және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын Заңда көзделген тәртіппен орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф – осы Қағидаларға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығы өздігінен есептейтін және белгілейтін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын есеп айырысу-қаржы орталығының сатуына арналған тариф;
5) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындар – есеп айырысу-қаржы орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындары, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындары және Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген баға белгілеу тәртібіне сәйкес айқындалатын, оның қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындар;
6) операциялық шығындар – есеп айырысу-қаржы орталығының қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындары;
7) тіркелген тариф – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын Заңда белгіленген тәртіппен қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған тариф;
8) техникалық экономикалық негіздемедегі тариф (бұдан әрі – ТЭН-дегі тариф) – уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органмен келісілген және бекітілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектіні салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген деңгейден аспайтын босату тарифі;
9) электр энергиясын тұтыну аймағы – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі өндірген электр энергиясын тұтынуға кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеулер жоқ Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің бір бөлігі;
10) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға.
2. Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау тәртібі 
3. Шартты тұтынушылар жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға қарай қаржы-есеп айырысу орталығына алдағы жылға электр энергиясын шығарудың, желілерге жіберудің, энергия беруші ұйымдарға берудің болжамды көлемдері туралы ақпарат жолдайды.
4. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға қарай есеп айырысу-қаржы орталығына айларға бөле отырып, электр энергиясын шығарудың, желілерге жіберудің алдағы жылға арналған болжамды көлемдері туралы ақпарат жолдайды.
5. Жүйелік оператор жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға қарай қаржы-есеп айырысу орталығына шартты тұынушылардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерінен электр энергиясын сатып алуы жөнінде айларға бөліп көрсетілген болжамдық көлемдері туралы ақпаратты жібереді.
6. Уәкілетті орган жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға қарай қаржы-есеп айырысу орталығына жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын, алдағы жылы болжамдық іске қосу мерзімі көрсетіліп, пайдалануға беру жоспарланып отырған объектілер мен алдағы жылы аталған объектілердің электр энергиясын өндірудегі болжамдық көлемі туралы ақпаратты жібереді.
7. Есеп айырысу-қаржы орталығы жыл сайын ағымдағы жылдың отызыншы желтоқсанына дейін алынған болжамды деректер негізінде:
1) электр энергиясын тұтыну аймақтары бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын болжамды жиынтық өндіруінің алдағы есепті жылға арналған есебін;
2) электр энергиясын тұтыну аймақтары бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындардағы әрбір шартты тұтынушының болжамды үлесінің алдағы есепті жылға арналған есебін;
3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын, алдағы жылға болжанатын шығындарды жаңартылатын энергия көздерінің барлық түрлерінен өндірілген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесіне берілген электр энергиясының бір киловатт-сағатына есебін;
4) электр энергиясын тұтыну аймақтары арасында есеп айырысу-қаржы орталығының шығындарын одан әрі пропорционалды бөлу мақсатында тиісті электр энергиясын тұтыну аймақтары арасында алдағы жылға шартты тұтынушылардың желісіне босатуға жоспарланған электр энергиясын болжамды көлемдерінің ара қатынасын есебін жүзеге асырады.
8. Есеп айырысу-қаржы орталығы болжамдалған жылдың он бесінші қаңтарынан кешіктірмей есепті жылға арналған электр энергиясын тұтыну аймақтары бойынша жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті шартты тұтынушылардың назарына өзінің интернет-ресурсында жариялау жолымен жеткізеді.
9. Тұтыну аймағына байланысты болжамдалған жылға арналған жаңартылатын энергия көздерін қолдау тарифі Қағидалардың 7-тармағында көзделген есептерге сәйкес мынадай формула бойынша айқындалады:
TZi  – Zi  тұтыну аймағы үшін есептелген жаңартылатын энергия көздерін қолдау тарифі;
ОЗЕҚО  – Zi  тұтыну аймағына жататын, осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес есептелген ЕҚО жылдық операциялық шығындарының үлесі;
Збал  – Zi  тұтыну аймағына жататын, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге жұмсалатын шығындар;
Зтір  – есеп айырысу-қаржы орталығының Zi  тұтыну аймағында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын жылдық шығындары, ол былайша құрылады:
уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органмен келісілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектіні салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген деңгейден аспайтын бекітілген босату тарифі жоқ жаңадан іске қосылатын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның тіркелген тарифі бойынша немесе (не);
уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органмен келісілген және бекітілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектіні салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген деңгейден аспайтын босату тарифі бар жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның ТЭН-дегі тарифі бойынша;
З тір гидро  – шағын ГЭС үшін тіркелген тариф;
З тір.жел  – жел электр станциялары үшін тіркелген тариф;
З тір.күн  – күн электр станциялары үшін тіркелген тариф;
З тір.био  – биогазды электр станциялары үшін тіркелген тариф;
З тэн.гидро1  – 1-ші шағын ГЭС үшін ТЭН-дегі тариф;
З тэн.гидроN  – N-ші шағын ГЭС үшін ТЭН-дегі тариф;
З тэн.жел1  – 1-ші жел электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;
З тэн.желN  – N-ші жел электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;
З тэн.күн1  – 1-ші күн электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;
З тэн.күнN  – N-ші күн электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;
З тэн.био1  – 1-ші биогазды электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;
З тэн.биоN  – N-ші биогазды электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;
 V п+1  – жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын 1-ші объекті өндірген және босатқан электр энергиясының көлемі;
V п+N  – жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын N-ші объекті өндірген және босатқан электр энергиясының көлемі;
V п  – жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын әрбір объекті өндірген және босатқан электр энергиясының көлемі;
V сп  – Zi  тұтыну аймағындағы шартты тұтынушыларға сатылатын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндірген электр энергиясының жылдық жиынтық көлемі.
10. Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф есеп айырысу деректерінің өзгеруіне қарай ай сайын өзгертілуге тиіс.
11. Шартты тұтынушылар ай сайын қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясы берілген айға дейін күнтізбелік он күн бұрын оны шығарудың, желілерге жіберудің, энергия беруші ұйымдарға берудің болжамды көлемдері немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден қабылдау туралы ақпарат береді.
12. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар ай сайын есеп айырысу-қаржы орталығына электр энергиясы берілген айға дейін күнтізбелік он күн бұрын оны шығарудың, желілерге жіберудің болжамды көлемдері туралы ақпарат береді.
13. Есеп айырысу-қаржы орталығы алынған ақпарат негізінде ай сайын есепті айдың онына дейін ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейінгі кезеңде қалған жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифке түзету енгізеді және түзету енгізілген тариф бекітілген сәттен бастап бес күнтізбелік күн ішінде түзету енгізілген тарифті өзінің интернет-ресурсында жариялайды.
14. Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті құру кезінде өзіндік құнында мынадай шығындар есепке алынады:
1) есеп айырысу-қаржы орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын сатып алу шығындары;
2) электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге жұмсалған шығындар;
3) есеп айырысу-қаржы орталығының операциялық шығындары.
15. Есеп айырысу-қаржы орталығының операциялық шығындары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 238 қаулысымен бекітілген Реттелетін нарықтардағы баға белгілеу ережесіне сәйкес айқындалады және есеп айырысу-қаржы орталығының тиісті басқару органы ағымдағы жылдың жиырмасыншы желтоқсанына дейінгі мерзімде жыл сайын оны алдағы жылға бекітеді.
16. Есеп айырысу-қаржы орталығының электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімдеуін ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындары есеп айырысу-қаржы орталығының жыл сайынғы жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндірген электр энергиясын сатып алу және оны шартты тұтынушыларға сату көлемі негізінде жүйелік оператордың тарифі бойынша есептеледі.
Полная версия
ИС BestProfi