Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2014
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 25 ақпандағы № 04-2-4/42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 28 наурыздағы № 9284 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 10.11.2014 жылғы № 23 Бұйрығына сәйкес
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 02-01-02/9 бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7384 болып тіркелген, 2012 жылғы 3 шілдедегі № 209-210 (27028-27029) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін  осы бұйрықтың  1-қосымшасына  сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 02-01-02/9 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 06-7/187 бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9063 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған бұйрыққа  1-қосымша  осы бұйрықтың  2-қосымшасына  сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімі (Сәрсенов Ж.Ш.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және кейіннен оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының 2014 жылғы 25 ақпандағы
№ 04-2-4/42 бұйрығына
1-қосымша
Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесі
1. Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесін (бұдан әрі - Жүйе) іске асыру мақсатында әзірленген.
2. Әдістеме орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарында персоналды басқару жөніндегі шаралардың тиімділігін анықтауға арналған.  
3. Персоналды басқару тиімділігін бағалауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) жүзеге асырады.  
Орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволары, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аудандық бөлімшелерін қоспағанда, облыстар, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары персоналды басқару тиімділігін бағалау объектісі болып табылады.  
Агенттікке қатысты персоналды басқару тиімділігін бағалауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі - Президент Әкімшілігі) іске асырады.  
4. Персоналды басқару тиімділігін бағалауды өткізу үшін Агенттікте орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жөніндегі Сараптамалық комиссияның кіші тобы болып табылатын жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрылады. Жұмыс тобының құрамы Агенттіктің бұйрығымен бекітіледі.
5. Персоналды басқару тиімділігін бағалау есепті (күнтізбелік) жылдың қорытындылары бойынша жыл сайын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бекіткен Кестеге (бұдан әрі - Кесте) сәйкес жүзеге асырылады.
Полная версия
ИС BestProfi