«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 17.10.2015
Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 423 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 17 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.09.2015 жылғы № 806 Қаулысына сәйкес «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 14.04.2015 жылғы № 200 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 423 қаулысымен бекітілген
«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру техникалық және кәсіптік білім беру оқу орнының базасында немесе Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникацияминистрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы (бұдан әрі – ХҚО) жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО-ға қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО-ға қажетті құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 15 минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында айқындалған құжаттарды тапсырған сәттен бастап бір айдан кешіктірмей;
3) осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсыру үшін кезекте күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 15 минуттан аспайды;
Полная версия