Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.04.2021
Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясына оқуға түсетін адамдармен келісімшарт жасасу, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 133 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 22 мамырда № 9461 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 23 сәуірден бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 17.02.2021 жылғы № 63 Бұйрығына сәйкес 
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шілдедегі Заңының 7-бабы 3-тармағының 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясына оқуға түсетін адамдармен келісімшарт жасасу, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидалары бекітілсін.
2. Қаржы полициясы академиясы Агенттіктің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментімен бірлесе отырып, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
 агенттігі (қаржы полициясы)
 Төрағасының
 2014 жылғы 8 сәуірдегі
 № 133 бұйрығына қосымша
Жоғары білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясына оқуға түсетін адамдармен келісім-шарт жасасу, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидалары
Осы Жоғары білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) (бұдан әрі - Агенттік) Қаржы полициясы академиясына (бұдан әрі - Академия) оқуға түсетін адамдармен келісім-шарт жасасу, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және жоғары білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Академияға түсетін адамдармен келісім-шарт жасасу, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртібін белгілейді.
2. Академияға оқуға түсетін адамдар осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша Академияда оқу мерзіміне және бір мезгілде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында Академияда оқуын бітірген соң орта және аға басшы құрам лауазымдарында күнтізбелік есеппен бес жыл қызмет өткеру туралы келісім-шарт жасасады.
3. Келісім-шартта тараптардың (оқуға түсетін адамдар мен құқық қорғау органының лауазымды адамы) өзара міндеттемелері мен жауапкершіліктері белгіленеді, сондай-ақ Академияда оқуды бітірген соң құқық қорғау органдарында одан әрі қызмет өткеру шарты мен мерзімін қарастырады.
4. Мандаттық комиссия Академияға оқуға қабылдау туралы шешім шығарғаннан кейін және оқуға қабылдау туралы бұйрық жасалған соң келісім-шарт жасалады.
Келісім-шарт жазбаша түрде құрастырылады, курсант (тыңдаушы) және Академия бастығы қол қояды. Келісім-шарт екі данада мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделеді, олардың бірі жеке іске жинақталады, ал екіншісі курсантқа (тыңдаушыға) беріледі. Әрбір келісім-шарттың бірдей заңды күші бар.
5. Келісім-шарттың қолданысқа енгізілуінің күнтізбелік мерзімі оған Академия бастығы қол қойған күн болып табылады, келісім-шартты қолдану мерзімінің аяқталуы келісім-шарт мәтінінде көрсетілген мерзім болып табылады.
Келісім-шарт тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.
6. Академияда оқытудың қысқартылған нысаны бойынша оқуды аяқтаған адамдар құқық қорғау органдарында кемінде бес жыл мерзімінде қызмет өткереді.
1) әскери-дәрігерлік комиссияның тыңдаушыны (курсантты), қызметкерді денсаулық жағдайы бойынша қызметке жарамсыз немесе шекті түрде жарамды деп таныған;
Полная версия
ИС BestProfi