Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.08.2015
Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2014 жылғы 18 наурыздағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 22 сәуірде № 9352 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 5 тамыздан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 22.05.2015 жылғы № 191 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) 1-қосымшасына сәйкес «Фильмге прокаттау куәлiгiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) 2-қосымшасына сәйкес «Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру, лицензияны қайта ресiмдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) 3-қосымшасына сәйкес «Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектілерді Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы қолдаухаттарын қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Мәдениет комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркелуiн;
2) белгіленген тәртіппен ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Заң қызметі департаментіне жарияланғаны туралы ақпараттың ұсынылуын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министріне жүктелсін. 
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрі А. Мұхамедиұлы 
Қазақстан Республикасы
 Мәдениет министрінің
 2014 жылғы 18 наурыздағы
 № 1 бұйрығына
 4-қосымша
Осы бұйрыққа қосымшадағы Қазақстан Республикасындағы Мәдениет саласы бойынша кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізілімі
1) «Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру, қайта ресiмдеу беру» электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң м.а. 2012 жылғы 28 қыркүйектегi № 159 бұйрығы (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 8069 болып тiркелген, «Егемен Қазақстан» газетiнде 2012 жылың 13 желтоқсанында № 824-825 (27896) жарияланған.
2) «Фильмге прокаттау куәлiгiн беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 208 бұйрығы (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 8268 болып тіркелген, 2012 жылғы 6 маусымдағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 146 (28085) жарияланған.
3) «Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензияны беру, қайта ресiмдеу, лицензияның түпнұсқасын беру» мемлекеттiк қызметiнiң регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрiнiң м.а. 2012 жылғы 28 қыркүйектегi № 159 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 223 бұйрығы. (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 8326 болып тіркелген).
Полная версия
ИС BestProfi