Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.03.2023
"Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 230 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 маусымда № 9497 тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 26 наурыздан бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.03.2023 жылғы №36 Бұйрығына сәйкес 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына, 32-бабының 3-тармағына сәйкес және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне бекітілген халықтың нақты саны туралы бірыңғай орталықтандырылған ақпараттық деректер базасын қалыптастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6774 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың 2011 жылғы 15 маусымдағы № 3 нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеде: 
1) «Медициналық көмектің нысандары мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 796 бұйрығына (бұдан әрі – № 796 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5955 тіркелген) сәйкес МСАК (дәрігерге дейінгі, білікті) көрсету; 
2) № 796 бұйрыққа сәйкес КДК (мамандандырылған, жоғары мамандандырылған) көрсету; 
3) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына (бұдан әрі – № 786 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7306 тіркелген) сәйкес бекітілген халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету; 
4) ауруларды профилактикалау және саламатты өмір салтын қалыптастыру туралы халықтың арасында түсіндірме жұмысын жүргізу;
5) инфекциялық аурулардың ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу;
6) «Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 30 қазандағы № 630 бұйрығына (бұдан әрі – № 630 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5917 тіркелген), сондай-ақ «Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметкердің қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 907 бұйрығына сәйкес бекітілген халыққа психологиялық және арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;
7) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Бекітілген халық тіркелімі» порталын жүргізу болып табылады.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева):
1) Бекітілген халық тіркелімінде (бұдан әрі – БХТ) тіркеу арқылы барлық облыстар, Астана мен Алматы қалалары үшін халық санын бірыңғай есепке алуды жүргізуді;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды МСАК субъектілеріне бекіту мен бекітуден шығаруды мониторингтеуді;
3) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті (С.В. Шубина) тұрақты негізде:
1) БХТ порталын сүйемелдеуді және оның жұмыс істеуін;
Полная версия
ИС BestProfi