Близость слов: Окончание:





Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының), шетел тасымалдаушыларының, авиациялық оқу орталықтары мен авиация персоналының, авиациялық қауіпсіздік пен әуе кеңістігін пайдалану қызметі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 243 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 22 мамырда № 9463 тіркелді
Редакция 28.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 жылғы № 623 Бұйрығымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.05.2015 жылғы № 660 Бұйрығымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.05.2015 жылғы № 660 Бұйрығымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 жылғы № 623 Бұйрығымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
5) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 жылғы № 621 Бұйрығымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
6) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақша күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2015 жылғы № 1255 Бұйрығымен (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
7) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақша күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 жылғы № 625 Бұйрығымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
8) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
8-тармақша күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 жылғы № 641 Бұйрығымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
9) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
9-тармақша күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 жылғы № 621 Бұйрығымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 29 қыркүйектегі № 652 «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» бұйрығының 1-тармағының 1), 3), 9), 10), 12) және 16) тармақшаларының күші жойылды деп танылсын (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 8072 тiркелген, 2014 жылғы 12 сәуірде № 71 (27692) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу ұқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне мемлекеттік тіркелгені және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберілгені туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi