1. «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
Внимание! Документ утратил силу с 25.08.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Прмьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 227 бұйрығына 3-қосымша
«Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 25 тамыздан бастап ҚР Қаржы министрінің 02.07.2015 жылғы № 394 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік), куәлікті қайта ресімдеу немесе мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы уәжделген жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелердің көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкерлердің) әрекеттері тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1448 қаулысымен бекітілген «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (әрекеттер) мазмұны:
1) электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) тіркеу нөмірін бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарын қабылдау, басшылыққа бөлу үшін беру – 20 минуттан көп емес;
2) жауапты құрылымдық бөлімшеге Стандарттың 9-тармағындағы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар мен өтініштерді бөлу – 1 жұмыс күні;
3) Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды қарау – 3 жұмыс күні;
4) Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың Қазақстан Республикасының аудиорлық қызмет туралы заңнама талаптарына сәйкес келуі туралы қорытындыны (бұдан әрі - қорытынды) және куәлікті беру немесе куәлікті қайта ресімдеу туралы бұйрықты (бұдан әрі - бұйрық) көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметімен келісуі және дайындауы, сондай-ақ оларды бекіту мен тіркеу не мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапты дайындауы – 1 жұмыс күнінен көп емес;
5) куәлікті не бас тартуы туралы уәжделген жауапты беру – 20 минут көп емес.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелердің көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкерлердің) өзара іс-әрекеттері тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің төрағасы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің төрағасы орынбасары;
3) көрсетілетін қызметті берушінің Бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызмет саласындағы бақылау, аккредиттеу және лицензиялау басқармасының басшысы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің Заң қызметі басқармасының басшысы;
Полная версия