Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.05.2020
Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 394 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 шілдеде № 11817 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 8 мамырдан бастап ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 09.04.2020 жылғы № 370 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 21.02.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
4) Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 227 бұйрығы (Нормативті құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9536 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 қазандағы № 212 (27933) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті (А.С. Жұмаділдаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi