Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 16-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 25.08.2015
Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 227 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 26 маусымда № 9536 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 25 тамыздан бастап ҚР Қаржы министрінің 02.07.2015 жылғы № 394 Бұйрығына сәйкес
1. Мыналар:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
4) Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Аудиторлық қызметпен айналысуға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 213 бұйрығы (Нормативті құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7670 болып тіркелген, 2013 жылғы 23 қаңтарда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды);
2) «Аудиторлық қызметпен айналысуға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 27 қарашадағы № 514 бұйрығы (Нормативті құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8190 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті (М.Т. Бейсембаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Б.Сұлтанов
Полная версия