Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.08.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Прмьер-Министрінің
Орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 16 мамырдағы
№ 227 бұйрығына 4-қосымша
«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 25 тамыздан бастап ҚР Қаржы министрінің 02.07.2015 жылғы № 394 Бұйрығына сәйкес
1. «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, сондай-ақ «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі - Орталық), www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық түрде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру (бұдан әрі - лицензия), лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру немесе көрсетілетін мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы уәжделген жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелердің көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкерлердің) әрекеттері тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1552 қаулысының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (әрекеттер) мазмұны:
1) электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) тіркеу нөмірін бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарын қабылдау, басшылыққа бөлу үшін беру – 20 минуттан көп емес;
2) жауапты құрылымдық бөлімшеге Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды бөлу – 1 жұмыс күні;
3) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне өтініш берушіге қатысты аудиторлық қызметпен айналысуға және лицензия алуға тыйым салынған заңды күшіне енген сот шешімі бар-жоқтығы туралы сұрау жіберіп он жұмыс күн ішінде, лицензияны қайта ресімдеу үшін сұрауға жауапты сегіз күн ішінде алады;
4) мемлекеттік қызметті алушы ұсынғын құжаттар мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен алынған жауабын орындаушы қарайды және қорытынды мен бұйрық немесе бас тарту туралы уәжделген жауапты он үш жұмыс күні, лицензияны қайта ресімдеу үшін тоғыз жұмыс күні ішінде, лицензияның телнұсқасы үшін бір жұмыс күні ішінде дайындайды;
5) Қазақстан Республикасының Аудиторлық қызмет туралы заңнама талаптарына қызмет көрсетуді алушының сәйкес келуі туралы қорытындыны (бұдан әрі - қорытынды) және лицензияны беру немесе ицензияны қайта ресімдеу туралы бұйрықты (бұдан әрі - бұйрық) көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметімен келісуі және дайындауы, сондай-ақ оларды бекіту мен тіркеу не мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапты дайындауы – 1 жұмыс күні;
6) лицензияны немесе бас тартуы туралы уәжделген жауапты беру – жиырма минут ішінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелердің көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкерлердің) өзара іс-әрекеттері тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің төрағасы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің төрағасы орынбасары;
3) көрсетілетін қызметті берушінің Бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызмет саласындағы бақылау, аккредиттеу және лицензиялау басқармасының басшысы;
Полная версия
ИС BestProfi