Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.01.2015
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 191 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 255 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму Министрінің м.а. 23.01.2015 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 191 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Индустрия және жаңа
 технологиялар
 бірінші вице-министрінің
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 255 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
 Индустрия және жаңа
 технологиялар
 бірінші вице-министрінің
2013 жылғы 19 маусымдағы
№ 191 бұйрығына қосымша
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияның құрамы

Бертісбаев

Несіпқұл Бертісбайұлы

-

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары, төраға

Қабылбай Әлібек

-

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі департаменті директорының орынбасары, төрағасының орынбасары

Дусенов

Ілияс Талғатұлы

-

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті аккредиттеу басқармасының сарапшысы, хатшы

Ертаев

Ержан Ерболұлы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды бақылау басқармасының бас сарапшысы

Ешенкелдиев

Нұржан Әбдісаматұлы

-

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті техникалық реттеу және нормалау басқармасының бас сарапшысы (келісім бойынша)

Шүренов

Сәлімтай Бақытжанұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Энергетика комитеті Хатшылығының сарапшысы (келісім бойынша)

Полная версия
ИС BestProfi