Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.12.2017
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 577 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 20 маусымдағы № 9-2/315 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.12.2017 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес 
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 577 бұйрығына өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 2 қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесі туралы ережеде:
«10. Сараптамалық кеңестің жұмыс органының функцияларын Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті жүзеге асырады.».
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 13 шілдедегі № 449 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 20 маусымдағы
№ 9-2/315 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрі
 міндетін атқарушының
2010 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 577 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құрамы

Сапархан Кесікбайұлы Омаров

-

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі, төраға;

 

Азат Сиражиддинұлы

Сұлтанов

-

Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті директорының орынбасары, төрағаның орынбасары;

 

Жанат Хамитұлы

Өскенов

-

«Қазақстанның Ұлттық Агроөнеркәсіптік Палатасы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы директоры;

 

Анатолий Висханович

Попелюшко

-

«Қазақстан тағам кәсіпорындарының одағы» заңды тұлғаларының бірлестігінің президенті;

 

Саин Рысбайұлы

Бақтыбаев

 

-

«Қазақ мақта ассоциациясы» заңды тұлғаларының бірлестігінің төрағасы;

 

Әуезхан Камешұлы

Дарынов

-

«Қазақстан Фермерлер Одағы» Республикалық Қоғамдық бірлестігінің» заңды тұлғаларының бірлестігінің президент-төрағасы;

 

Николай Владимирович

Радостовец

-

«Қазақстан тауар өндірушілері және экспортқа шығарушылар одағы» заңды тұлғаларының республикалық бірлестігінің президенті;

 

Андрей Викторович

Разинский

-

«Қазақстандық азық-түлік одағы» заңды тұлғаларының бірлестігінің вице-президенті.

Полная версия
ИС BestProfi