«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 06.08.2015
Қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды жіберу, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есепті беру қағидалары және мерзімдері, сондай-ақ қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есептің нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 шілдедегі № 771 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 6 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 573 Қаулысына сәйкес «Қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды жіберу, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есепті беру қағидаларын, сондай-ақ қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есептің нысандарын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 26.02.2015 жылғы № 132 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын жою туралы хабарламаларды жіберу қағидалары және мерзімдері;
2) Әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды жіберу қағидалары және мерзімдері;
3) Әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есепті беру қағидалары және мерзімдері;
4) қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын жою туралы хабарламаның нысаны;
5) әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысаны;
6) Әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есептің нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 шілдедегі № 771 қаулысымен бекітілген
Қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын жою туралы хабарламаларды жіберу қағидалары және мерзімдері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын жою туралы хабарламаларды жіберу қағидалары және мерзімдері «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың (бұдан әрі – әкімші) осы бұзушылықтарын жою туралы хабарламаларды жіберудің бірыңғай тәртібін айқындайды.
2. Хабарламаларды жіберу тәртібі және мерзімдері
2. Әкімші қызметінің банкроттық рәсімі мен оңалту рәсімінің өткізілуін тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын жою туралы хабарламаны ресімдейді.
Қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын жою туралы хабарлама мемлекеттік немесе орыс тілінде екі данада толтырылады, оларға уәкілетті орган басшының орынбасары қол қойып, мөрмен куәландырады.
Қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын жою туралы хабарлама Тексеру нәтижелері бойынша хабарламаларды тіркеу журналында міндетті түрде тіркелуге жатады, ол нөмірленеді, тігіледі, уәкілетті орган басшысының қолы қойылып, мөрмен бекітіледі.
Тексеру нәтижелері бойынша хабарламаларды тіркеу журналында мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
Полная версия