«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 29.11.2015
Мемлекеттік көрсетілетін Қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 1 шілдедегі № 67 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 шілдеде № 9630 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 29 қарашадан бастап ҚР Бас прокурорының 12.10.2015 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің есептері бойынша адамның қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілітін қызмет регламенті;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық басқармаларының мұрағаттары шегінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсететін қызмет регламенті;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Құқықтық статистикалық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрықты:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;
2) Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
5 Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры А. Дауылбаев
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 1 шілдедегі № 67 бұйрығына 4-қосымша
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының күшін жойған бұйрықтарының тізбесі
1) «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 5 қазандағы № 63 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі 6615, «Казахстанская правда» газетінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі 140 (26561) санында жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық басқармаларының мұрағаттары шеңберінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжат көшірмелерін беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 16 қарашадағы № 107 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі 7338, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 3 сәуірдегі 128-129 (27202) сандарында жарияланған);
3) «Құқықтық статистикалық ақпаратты беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 139 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі 7383, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 3 сәуірдегі 128-129 (27202) сандарында жарияланған).
Полная версия

