Близость слов: Окончание:





"Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 959 қаулысы
Редакция 21.11.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 3) тармақшасына, 7-бабының 6-тармағына және 12-бабына сәйкес» Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1179 Қаулысына сәйкес (29.08.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.02.2016 жылы № 22 (28754) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияны құру қағидалары;
2) Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже;
3) Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізуді ұйымдастыру қағидалары;
4) Жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары;
5) жария етілген жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру мен жүргізудің ерекше тәртібі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 29 тамыздағы
№ 959 қаулысымен
бекітілген
Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияны құру қағидалары
1. Осы Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияны құру қағидалары «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және жергілікті атқарушы органдардың жанынан Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлікті (ақшадан басқа) жария ету не жария етуден бас тарту туралы шешім шығаруға уәкілетті мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияны құру тәртібін айқындайды.
2. Комиссия жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кірістер органдарының, сәулет және қала құрылысы органдарының, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның, өртке қарсы қызмет, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және бақылау органдарының, қоршаған ортаны қорғау органдарының және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдардың және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары мен ұйымдарының лауазымды адамдарынан қалыптастырылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.11.2016 жылғы № 717 Қаулысына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.11.2016 жылы № 230 (28958) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Тиісті аудан, қаладағы аудан, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің орынбасары комиссияның төрағасы болып тағайындалады.
4. Комиссия мүшелерінің лауазымдық деңгейін жергілікті атқарушы органның басшысы айқындайды.
5. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия туралы ережемен айқындалады.
6. Аудан, қаладағы аудан, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты комиссияның жұмыс органы болып табылады.
7. Комиссияның функциялары мыналар болып табылады:
Полная версия
ИС BestProfi